Баспа орталығы
3 наурыз 2021

«Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа екі мүшесі сайланды

Алматы, 2 наурыз 2021 жыл.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының (АКТЖЖ) нәтижелері бойынша «Кселл» АҚ Директорлар кеңесіне

Серик Болатович Саудабаев және Тимур Тельманович Худайбердиев сайланды.

Саудабаев Серик Болатович  

«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің, «QazCloud» ЖШС Бақылау кеңесінің мүшесі болып табылады

Саудабаев-Серик-Болатович

2016 жылдың шілдесінен қазіргі уақытқа дейін «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді басқару дирекциясының «Коммуникациялар» секторының басшысы болып жұмыс істейді.  

Худайбердиев Тимур Тельманович 

2019 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін «Телеком Комплект» дирекциясының Бас директоры - Бизнесті қамтамасыз ету және қолдау жөніндегі бас директор болып табылады

Худайбердиев Тимур

Кселл АҚ корпоративтік коммуникациялар қызметі

+7 701 211 6040

Амина Даирбекова

Amina.Dairbekova@kcell.kz

Компания туралы

Kcell мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания ҚР-ның бүкіл дерлік аумағын  қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.

2012 жылғы желтоқсан айында Kcell Лондон қор биржасында GDR (жаһандық депозитарлық қолхаттарын) және Қазақстан қор биржасында жай акцияларын сәтті орналастыруды аяқтады. Баға бір GDR үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акция үшін 1,578.68 теңге деңгейінде белгіленді, бұл ретте бір GDR бір акцияға сәйкес келеді. Орналастыру Kcell акционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес келетін 50 миллион дана санындағы акцияларды сатуын қамтыды.

2018 жылғы 21 желтоқсанда «Қазақтелеком» АҚ  Kcell-дің Telia Company және Fintur Holdings B.V. компанияларына тиесілі 75% акциясын сатып алды.

Алдағы уақытта компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметін ұсыну үшін өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастыруды жоспарлап отыр. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, мобильді байланыс нарығында қызмет көрсетудің  жоғарғы стандарттарын қолдауға ұмтылады.