Баспа орталығы
29 қыркүйек 2016

Аctiv абоненттері Алматы қ. тұрақ үшін төлемдерді SMS арқылы төлей алады

«Кселл» компаниясы 27-қыркүйектен бастап, activ абоненттеріне мобильді телефоннан SMS арқылы Алматы қаласының көлік тұрағы кеңістігінің бірыңғай автоматтандырылған жүйесінің аясында көлік тұрағын төлеу қолжетімді болатынын хабарлайды.   

«Бір айдан аз ғана көп бұрын біздің абоненттерімізге қоғамдық көлікте жүру жол ақысын  SMS арқылы төлеу қол жетімді болған еді. Енді бүгін біз мобильді телефон арқылы төлем жасау бойынша мүмкіндіктер еліміздің ірі қалаларында тұрақ үшін  SMS-төлем жасау қызметімен толыққандығын қуанышпен хабарлаймыз. Біз автомобильдермен артық күш түсірілген мегаполисте уақыт – негізгі ресурстардың бірі екендігін түсінеміз, және біздің жаңа қызметіміз автомобиль иелерінің алтын уақыттарын сақтауға және олардың өмірлерін одан да жайлы етуге көмектеседі деп үміттенеміз», - деп атап көрсетті «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры Арти Отс.    

Тұрақты ұсыну ережелері бойынша, ол бойынша орынға төлем жасау алдын ала төлем бойынша ғана жүзеге асырылады, бұған қоса алғашқы 15 минут алдын ала төлем жасау және автомобильді қоюдың басталуы үшін қарастырылған. Егер автомобиль алдын ала жүргізілген төлемсіз тұрақта 15 минуттан ұзақ тұратын болса, онда автомобиль иесіне айыппұл жазылып беріледі. 

Тұрақты басқару 7757 қысқа нөміріне командамен SMS-хабарлама жіберу арқылы жүргізіледі. Командалардың толық тізімі www.aparking.kz. сайтында орналастырылған. SMS жіберген кезде тұрақ үшін төленетін төлем ғана шығысқа шығарылады, берілген нөмірге SMS жіберу құны 0 теңгені құрайды. 1 сағат тұрақтың құны – минуттық тарификациямен 100 теңге. Қызмет азаматтардың жеңілдікті санатына арналмағандығын атап өткен жөн. Сондықтан 7757 нөміріне азаматтардың жеңілдікті санаттарынан SMS жіберілген жағдайда, тұрақтың толық құны есептен шығарылатын болады.    

Алдын ала төлемді және тұрақтың басталуын төмендегі команданы жіберу арқылы жүргізуге болады

"тұрақ аймағының нөмірі"*"автомобиль нөмірі"*"тұрақ сағатттарының саны"

 (мысалы: 1001*А111ААА*1 немесе 1001*123ААА02*1). 

Команданы жібергеннен кейін, абонентке 7701 нөмірінен соманы есептен шығаруды растауға арналған сауал келеді. Алынған сауалға жауап ретінде «1» жібере отырып, есептен шығаруды растауға болады. Қаражат сәтті есептен шығарылған кезде жауап ретінде 7757 нөмірінен тұрақтың басталғаны және оның аяқталатын уақыты туралы ақпаратпен SMS келеді.  

7757 нөміріне S жіберу арқылы тұраққа қоюды тоқтатуға болады. Тұраққа қою мезгілінен бұрын тоқтатылған жағдайда, қаражаттар абонент нөмірінің дербес шотының теңгеріміне қайтарылмайды, тұрақ шотында қалады. Одан әрі бұл қаражаттар келесі тұраққа қоюға жасалатын төлем үшін қолданылуы мүмкін, яғни, абонент нөмірінің дербес шотының теңгерімінен келесі есептен шығару сомасы аз болады. Тұраққа қою уақыты аяқталғанға  дейін 10 минут бұрын 7757 нөмірінен абонентке тұраққа қоюдың аяқталатыны туралы хабарлама жіберіледі. Абонент 7757 нөміріне "Х"*"ұзарту сағатының саны" командасын (Х*2)  жібере отырып, тұраққа қою уақытын ұзарта алады.   

«Кселл» компаниясы болашақта Kcell абоненттері үшін осындай қызметті іске қосуды жоспарлап отыр. Жобаны «WOOPPAY» төлем жүйесінің қолдауымен, «Кселл» АҚ мен Алматы қ. көлік тұрағы кеңістігінің операторы «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС жүзеге асырды. 

Егер абонент бұрын www.aparking.kz порталында тіркелмеген болса, онда үндемеу бойынша төлем тәсілі абонент нөмірінің дербес шоты болып табылады. Егер абонент тіркеуден өтсе және «Мобильдік коммерция» төлем тәсілін таңдаған болса, онда да төлем  абонент нөмірінің дербес шотынан жүргізіледі. Егер абонент тұраққа қою жүйесінің кабинетінде банктік картадан төлем жасауды таңдаған болса, онда ақша оның картасынан шешіледі. Сондай-ақ тұраққа қою төлемдерін жүргізудің альтернативті тәсілдері ретінде автоиеленушілерге тұрақ терминалдары да қол жетімді. Қызмет туралы егжей-тегжейлі www.aparking.kz  білуге болады. Абоненттердің хабарласуына арналған колл-орталықтың нөмірі +7 727 331 39 49. 

 

Тұрақ аймақтары және олардың нөмірлері

Тұрақ аймағы

Тұрақ аймағының атауы

Көшелер қиылыстары

Ақылы орындар

1001

Көк базар

Зенков (Мақатаев пен Жібек Жолы арасында)

62

1001

Көк базар

Зенков (Жібек Жолы және Гоголь арасында)

72

1001

Көк базар

Зенков (Жібек Жолы және Гоголь арасында)

69

1001

Көк базар

Пушкин (Мақатаев пен Жібек Жолы арасында)

70

1001

Көк базар

Пушкин (Жібек Жолы және Гоголь арасында)

27

1007

Әкімдік

Сатпаев (Желтоқсан және Фурманов арасында)

104

1001

Көк базар

Макатаев (Пушкин және Қалдаяқов арасында)

102

1001

Көк базар

Жібек Жолы (Пушкин және Қалдаяқов арасында)

115

1007

Республика алаңы

Республика Алаңы (Желтоқсан және Фурманов арасында)

287

1001

Көк базар

Жібек Жолы (Пушкин және Қонаев арасында)

95

 

Барлығы:

 

1003