Баспа орталығы
30 қазан 2017

Қазақстанға iPhone жеткізілімдері жөніндегі Tengri News ақпаратына қатысты «Кселл» АҚ ресми мәлімдемесі

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік Кірістер Департаментінің хабарламасы негізінде Tengri News порталында бүгін жарияланып отырған ақпаратқа жауап ретінде «Кселл» АҚ компанияның 2014 жылдан бастап Apple корпорациясы Қазақстан аумағында осы маркадағы смартфондарды сатуға авторластырған iPhone смартфондарының ресми дистрибьюторы болып табылатындығын мәлімдейді.

Барлық iPhone смартфондарын «Кселл» компаниясы Apple корпорациясынан тікелей жеткізілімдермен әкеледі. Қазіргі уақытта компания барлық қажетті кедендік баж салықтарын төлей отырып, ресми жолмен әкелінген iPhone 8/8+ смартфондарының үлгілік қатарын сатуда.

Таяу арада компания биылғы жылдың ең көп күтілген хиттарының бірі — iPhoneX смартфондарының ресми сатылымын бастайды. Бұл үлгідегі смартфондарды да, iPhone барлық алдыңғы үлгілері сияқты, «Кселл» ресми жолмен әкеледі және олар Kcell/Activ дүкендерінде қолжетімді және тиімді талаптарда келісімшарт бойынша бөліп төлеуге сатып алу үшін қолжетімді болады.

Алдын ала тапсырысты рәсімдеу және сатып алудың барлық талаптарын білу үшін kcell.kz және activ.kz сайттарындағы ақпаратты қадағалап отырыңыздар.