Баспа орталығы
14 желтоқсан 2017

Kcell және Activ абоненттері Балалар мен жасөспірімдерге арналған ұлттық сенім телефон желісіне 150 нөмірі бойынша тегін қоңырау соға алады

«Кселл» АҚ қайырымдылық жобасының шеңберінде Kcell және Activ абоненттері үшін Қазақстанның кризистік орталығы одағының «Балалар мен жастарға арналған ұлттық сенім телефон желісінің» 150 қысқа нөміріне тегін қоңырау шалуды ұсынады.

150 сенім телефоны — кеңес беру арқылы көмек көрсететін тәулік бойына жұмыс істейтін анонимді жедел желі. Оған балалар мен олардың ата-аналарына кәмелетке толмағандарға қатысты өлім-жітімнің алдын-алу және болдырмау, тұрмыстық және психологиялық зорлық-зомбылық, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайларда көмек көрсету мәселелері бойынша ақпараттар беру мен психологиялық көмек көрсету кіреді.

«Кселл» әлеуметтік жобаларды 17 жыл бойы жүзеге асырып келеді. Балалардың құқықтарын қорғау біздің компаниямыздың әлеуметтік жауапкершілігінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Сондықтан біз балаларымыздың салауатты және бақытты балалық шағы үшін осы маңызды шараға өз үлесімізді қосқанымызға қуаныштымыз. Біздің 10 миллиондық абонентіміз 150 нөміріне тегін қоңырау шала алатындықтан енді психологиялық көмек қол жетімді және уақтылы көрсетіледі деп сенемін«, — деп атап өтті «Кселл» АҚ коммуникациялар бөлімінің бастығы Наталья Еськова.

Сенім желісінің Қазақстандық балаларға, жасөспірімдерге және ересектерге тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн бойы қызмет көрсететінін айта кету керек. Кеңес беру екі тілде ұсынылады және «Кселл» АҚ абоненттері үшін 150 нөміріне қоңырау шалу тегін.

*** «Дағдарыс орталықтарының одағы» ЗТБ Қазақстанда 2009 жылдан бастап ресми авторландырылған ChildHelplineInternational орталық болып табылады. ChildHelpline International (бұдан әрі — CHI) әлемнің 147 елінде жұмыс істейтін 181 ұйымды біріктіреді. Желінің қызметі балалардың телефон желілерін дамытуға және қолдауға бағытталған. CHI-ке қосылған сенім телефондарына тек 2015 жылдың өзінде ғана балалар мен жастардан 20 миллионнан астам қоңырау келіп түсті.

*** «Балалар мен жастарға арналған ұлттық сенім телефоны» қызметі 2005 жылдың 20 қарашасынан бастап жұмыс істейді. Клиенттерге қызмет көрсету кезінде 1,5 миллион қоңырау келіп түсті (соның ішінде балалар мен жастардың құқықтарын бұзу бойынша 43 мыңнан астам қоңырау шалынған).