Баспа орталығы

*56 – Қазақстан бойынша барлық нөмірлерге тегін қоңырау шалуға арналған «құпия» код

Activ абоненттері  оңай комбинация көмегімен қала нөмірлері мен Қазақстанның кез келген операторларының нөміріне тегін қоңырау шала алады.  

Қызметті пайдалану үшін *56 және шақырылатын абонент нөмірін теріңіз*, жарнама ролигін тыңдаңыз, байланысты растап, 60 секундқа тегін қоңырау шалыңыз.

 «Абоненттердің  теңгерімі жиі бітіп қалып, шұғыл түрде қоңырау шалу қажет болатын жағдайларға тап болады. Осындай сәттерде  "*56"  комбинациясы сізге көмекке келетін болады. Бұл activ  абоненттеріне  тегін  бір минут әңгімелесу орнына  жарнамасын тыңдауды ұсынатын   «Кселл» компаниясының жарнама беруші компаниялармен өзара тиімді серіктестігінің арқасында мүмкін болды. Енді біздің абоненттеріміз жақындарымен тегін сөйлесіп, әрі біздің корпоративтік клиенттеріміздің жаңалықтары мен жаңа қызметтері жайында хабарлар болады», - деп атап өтті «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры Арти Отс.

Компания жүргізген зерттеулерге сәйкес, жаңа мүмкіндік қазіргі таңда қолданып көрген абоненттердің 87% -на ұнады. Қызметті  шоттағы теңгерімге қарамастан шектеусіз пайдалануға болады. Сөйлесудің бас кезіндегі аудио жарнаманың ұзақтығы 20 секундтан көп болмайды. SMS-дубль қосымша қызметі жарнамалық аудио роликті қайталайтын немесе толықтыратын  SMS-ті абоненттерге жіберуге мүмкіндік береді. Толығырақ  сілтеме бойынша.