Баспа орталығы

«Кселл» компаниясы «Бірінші кредиттік бюромен» бірге ЕДБ және МҚҰ үшін «Big Data» өңдеу бойынша сынамалы жобаны іске қосты

2017 жылғы 31 мамырынан бастап «Кселл» компаниясы Бірінші кредиттік бюромен бірге екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін мобильді оператордың деректерін анықтау бойынша сынамалы жобаны іске қосады. Жоба ҚР «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңына, ҚР «Байланыс туралы» заңына, «Кредиттік бюро туралы» заңы мен ҚР Азаматтық кодексіне қатаң сәйкестікте әзірленді. Аталған жоба аясында барлық деректер тек абонент тарапынан келісім алғаннан кейін ұсынылатын болады.

 

Жобаның негізгі міндеті – ЕДБ мен МҚҰ клиенттерін тексеру және сәйкестендіру үрдісі үшін мобильді оператордан деректер құныдылығын анықтау. Серіктестер, олардың екінші деңгейдегі банктердің және өзге қаржы ұйымдарының кредиттік портфелдерінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді және алаяқтықпен күресу жағынан қазақстандық қаржы секторына оң әсер етеді деп есептейді.

 

«Қазіргі уақытта мобильді телефон нөмірі көптеген қаржы институттары үшін клиенттермен байланыстың негізгі каналы болып табылады, ал оның мобильді телефон деректері қарызгерді бағалау кезінде маңызды болуы мүмкін. Жобада алғашқы қадам біз «телефон нөмірін тексеруді» іске қосамыз. Ол енді кредиттік өтінімді қабылдау кезеңінде кредитті рәсімдеу үшін арнайы сатып алынған күдікті нөмірлерді анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қосымша параметрлер қатары мобильді нөмірдің белсенділігін анықтауға және оның болжалды бейнесін құруға мүмкіндік береді. Сондықтан да «Кселл» копаниясымен сынамалы жоба телекоммуникациялық сектордан қаржы секторына деректерді ғаламдық сәйкестендіру жолында алғашқы қадам болады», - деп алғашқы кредиттік бюроның бас директоры Руслан Омаров атап өтті.

 

Деректерді жинау қалай өткізіледі?

«Кселл» компаниясы қарызгерді бағалау үішн Бірінші кредиттік бюро арқылы серіктестерге ол туралы қызметтік ақпаратты және оның дербес деректерін ұсынуға өз келісімін беру өтінішімен сынамалы жобаға қатысушылар қатарынан әр абонентке SMS-хабарлама жіберу жүргізіледі. Абонент мұндай келісімді *345# комбинациясын жинау жолымен келісім береді. Келісім берген абонент *543# комбинациясы арқылы келісімді кері шақырту мүмкіндігі туралы тағы бір SMS алады. Егер абонент хабарламаға жауап қайтармаса ол бас тарту ретінде есептеледі, және оның деректері серіктеске ұсынылмайды.

«Big Data» қолдану аясы өте кең және жан жақты. Әсіресе қаржы ұйымдары жұмысында ол пайдалы болады. Сынамалы жобаны іске қосу алдында біз бірнеше рет тест жүргіздік. Олардың нәтижелері көптеген абоненттердің ақпаратты беруге келісімін беруге дайын екендігін көрсетті. Мобильді операторлар деректері банктердің өзінде болатыннан гөрі аса өзекті картинамен құнды. Және абоненттердің келісуімен ғана біз «Бірінші кредиттік бюроға» банктік секторды одан әрі дамытуды ынталандыру үшін Қазақстаннның қолданыстағы заңнамасы шеңберінде қатаң түрде осы ақпаратты беруге дайын екендігімізді атап айтқым келеді, - деді «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры Арти Отс.

 

 

Бірінші кредиттік бюро арқылы серіктестер үшін сынамалы жоба аясында деректерді ұсынуды жоспарлайтын мобильдік оператор өзіне нөмірді пайдалану уақытын, кіріс және шығыс қоңырауларының болуын, сондай-ақ нөмірді және өзге деректерді активтеу күнін қамтиды.

 

Аталған жоба туралы сайтынан біле аласыздар. Тесттік жобағы тек activ абоненттері қатысады.

* 2013 жылғы 21 мамырдағы  № 94-V ҚРЗ.

** 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567-II