Баспа орталығы

«Кселл» Қазақстанның тағы жеті қаласын 4G/LTE желісімен қамтыды

«Кселл» компаниясы Қазақстанда 4G/LTE желісін дамытуды жалғастырып жатыр. 2017 жылдың алты айында жоғары жылдамдықты мобильді интернетке Риддер, Тараз, Түркістан, Қызылорда, Петропавл, Шемонаиха, Екібастұз қалаларының тұрғындары тұңғыш рет қол жеткізді. Өткен жылдың тамызынан бері төртінші буын желісімен қазақстандықтардың 40%-дан астамы тұрып жатқан барлығы 20 қала қамтылды.

 

«Төртінші буын желісі іске қосылған сәттен бері біз өз абоненттеріміз қолданатын трафик көлемінің тұрақты өсіп келе жатқанын байқаймыз. 2017 жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 68%-ға жуық өсті. Осы жылдың мамырында біз 4G+ (LTE Advanced) желісін Алматы мен Шымкентте іске қостық, 2017 жылдың соңына дейін желі Қазақстанның тағы 9 қаласында пайда болады. Абоненттеріміздің төрттен бірге жуығы 4G/LTE желісін қолданып отыр. Біз қамту аймағының дамуы мен төртінші буын желісін ұстайтын мобильді құрылғылардың көп енуінің арқасында желімізде 4G және 4G+ қолданушыларының саны артады деп есептейміз», - дейді «Кселл» АҚ коммуникациялар бөлімінің жетекшісі Наталья Еськова.

 

Бүгінде Kcell Store дүкендерінен танымал өндірушілердің 4G және 4G+ технологиялары қабылданатын мобильді құрылғыларының барлық жаңа түрін сатып алуға болады. Kcell және activ абоненттері үшін 4G+ (LTE Advanced) желісіндегі мобильді интернеттің құны қолданыстағы 3G және 4G желілеріндегі баға деңгейінде қала береді.

 

«Кселл» төртінші буын желісін LTE желілеріне арналған телекоммуникациялық жабдықтар өндірісі бойынша әлемдік көшбасшы – Ericsson компаниясының техникалық шешімдер базасында орнатып жатыр.

 

Компания еліміз бойынша интернет байланысы мен дыбыс қызметтері сапасын тұрақты түрде бақылап отырады. 2017 жылдың бірінші тоқсанында «Кселл» инженерлері желі сапасын тексеру үшін 5 мың шақырымға жуық жол жүріп шықты. Алматы мен Шымкенттегі драйв-тест кезінде өлшемдер ең жоғарғы мәнді - халықаралық POLQA (ағ. Perceptual Objective Listening Quality Assessment —  сөздің естілетін сапасының объектив бағасы) алгоритмі қолданылатын (MOS (ағ. Mean Opinion Score — сөз түсініктілігінің орташаланған бағасы) шкаласы бойынша 5 балдан 4,45 және 4,44-ті көрсетті.