Баспа орталығы
29 қыркүйек 2017

Kcell Store сауда нүктелерінде келісім-шарт ұсыныстары бойынша Galaxy Note8 сату басталды

«Кселл» компаниясы келісім-шарт ұсыныстары бойынша Galaxy Note8 флагмандық смартфонының абоненттік кеңселерінде және Kcell Store Алматы, Астана, Атырау, Шымкент және Қарағанды қалаларында толық құнына сату басталғанын хабарлайды.

Сатудың басталу құрметіне 29 қыркүйек және 1 қараша аралығында Алматыдағы Kcell Store мекен-жайы: Гоголь 58 ойын-сауық шаралары өтеді. Үш күн бойы кешкі сағат 19-дан 21-ге дейін смартфонды жеке өзі сынақтан өткізгісі келетіндерді музыкалық топтың концерті, викториналар, сондай-ақ, Galaxy Note8 смартфонын ұтып алу ойынына қатысу мүмкіндігі күтіп тұр.

Galaxy Note8 басты артықшылықтары:

  1. Note желісі тарихында бұл ең үлкен экран. Бүйір жақтауы болмағандықтан экран шексіз тәрізді әсер береді. Иә, смартфон көлемі үлкейді, алайда бұрынғыдай қолға ұстағанға жеңіл әрі қолайлылығын жоғалтқан жоқ. Дисплейде Quad HD жоғары ажыратымдылық пен Super AMOLED технологиясымен бірге экранды артық айналдырусыз көбірек контент көруге болады. Қысқасы, не көрсеңіз де толық тереңдеп ену әсерінде қаласыз.
  2. Galaxy Note8 Samsung компаниясының тарихында ең қарымды мобильді камераға ие болып отыр. Бейнекөріністі оптикалық тұрақтандыратын 12-мегапиксель қосарлы камера суретті тіпті жүріп бара жатқанда да анық түсіруге мүмкіндік береді. Ал Dual Capture тәртібінде біруақытта бір басу арқылы екі түрлі суретке түсіруге болады. Бір сурет ірі планда түсіріледі, ал екіншісі тұтас фонды қамтиды. Тағы бір Live Focus функциясы арқылы айқындылықты реттеуге болады және негізгі объект дәл орталықта қалып, ал фонды көмескі түсіруге болады. Дәл осындай әдісті дайын суретке де жасауға болады.
  3. S Pen — бұл флагманның тағы бір ерекшелігі, мәтін жазудың, сурет салудың, байланысудың жаңа әдісін ұсынады. Ойлап қараңызшы, енді мәтіндік хабарламаның орнына достарыңызға өз қолыңызбен салған анимацияланған суретті немесе смайлды жібере аласыз.
  4. Бұл ретте, әрине, жаңалық Galaxy желісінің IP68 стандартын су мен шаңнан қорғау, көздің сыртқы мөлдір қабығын сканерлеу, саусақ таңбасы датчигі тәрізді дәстүрлі ерекшелігін сақтап қалды.

Galaxy Note8 64GB смартфонын «Келісім-шарт телефоны» акциясы бойынша «Кселл» желісінде бір жылға, бір жарым жылға және екі жылға құрылғыға артық төлемсіз бөліп төлеуге сатып алуға болады.

Айлық төлемдер келісім-шарт мерзіміне және байланыстың толуына байланысты 20600-ден 39600 теңгеге дейін өзгереді.

«Келісім-шарт телефоны» акциясының пакетінің ішінде бөліп төлеу мерзіміне және Kcell қызметінің пакет көлеміне байланысты ай сайын:

  • Kcell/Activ желісі ішінде лимитсіз сөйлесу;
  • 500-ден 1000 минутқа дейін ҚР өзге ұялы операторларына қоңырау шалу;
  • 25-тен 35 ГБ дейін мобильді интернет;
  • 50-ден 100 минутқа дейін халықаралық бағыттағы қоңыраулар;
  • 30-дан 50 минутқа дейін роумингте қоңыраулар;
  • Kcell/Activ желісі ішінде 1000 SMS енеді.

Galaxy Note8 сатылым басталғанына арналып өткізілетін іс-шараға келіңіздер, флагмандық смартфонды ұтып алу ойынына қатысыңыздар және «Келісім-шарт телефонын» рәсімдеу туралы толық ақпарат алыңыздар.

Күні: 2017 ж. 29 қыркүйек және 1 қазан аралығында

Уақыты: кешкі 19-дан 21.00-ге дейін

Орны: Алматы, KcellStore, Гоголь, 58

Galaxy Note8 сатып алуға болатын абонент кеңселері мен KcellStore мекен-жайлары:

Астана

Kcell Center

Астана қ., Республика алаңы, 8

Астана

Kcell Store

Астана қ., KeruenСity СОО, 1 қабат, Kcell дүкені

Астана

Kcell Center

Астана қ., Алматы к-сі 1, Асылтау БО

Шымкент

Kcell Center

Шымкент қ., Түркістан к-сі, 11

Қарағанды

Kcell Center

Қарағанды қ., б-р Мира, 18

Қарағанды

Kcell Store

Қарағанды қ.,СитиМолл СОО, 1 қабат, Kcell дүкені

Алматы

Kcell Center

Алматы қ., Самал 2 ш-а, 100

Алматы

Kcell Store

Алматы қ., Mega-2 СОО, 1 қабат, Kcell дүкені

Алматы

Kcell Store

Алматы қ., Dostyk Plaza СОО, Kcell дүкені

Алматы

Kcell Store

Алматы қ., Гоголь к-сі, 58

Алматы

Kcell Store

Алматы қ., Тимирязев к-сі, 2Г

Алматы

Kcell Center

Алматы қ., Қонаев к-сі, 21, ГУМ СО

Атырау

Kcell Store

Атырау қ., Гурьев к-сі, 4

Атырау

Kcell Center

Атырау қ., Құрманғазы к-сі, 13 Б