Баспа орталығы

Қазақстанда заңды БАҚ контенті нарығы жойылу үстінде

«Кселл» АҚ оларды сотқа беріп, 40 млрд теңге талап етіп отырған Данияр Бәлиевтің «DL Construction» ЖШС-мен қалыптасқан жағдай аясында ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асановтың атына үндеу дайындап жатыр. Құжатта компания еліміздің басты төрешісін жағдайды шешіп беруін сұрамақшы. Бұл туралы Қазақстанның телекоммуникация нарығына осындай сот процесстері қандай зардаптар әкелетінін талқыланған  Алматыда мамандардың қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында хабарланды.  

Данияр Бәлиевке тиесілі «DL Construction» ЖШС «Кселл» АҚ және оның серіктесі «Terraline» ЖШС сотқа беріп, «DL Construction» ЖШС-ға берілген авторлық құқықтарды осы компаниялардың бұзғаны туралы талап қойды. «DL Construction» ЖШС пікірінше, «Кселл» компаниясы және оның серіктесі Mobi TV пакеттерінің біріне кіретін «Muzlife» телеарнасында 18 күн бойы 49 бейнебаян таратылып, компания авторлық құқықты бұзған. Ал «MuzLife» телеарнасына берілген тарату құқығы сотта дәлелденбеді.

Бірінші инстанция соты «Кселл» және «Terraline» тарапынан авторлық құқықты бұзғанын танып, бейнебаянның әрбір көрсетілуіне  өтемақы ретінде 1300 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) немесе 670 млн теңге өндіріп алу жайында шешім шығарды.

Қазіргі уақытта Данияр Бәлиевтің компаниясы «Кселл» АҚ-на 5 млрд теңгені құрайтын сотқа дейінгі тағы да екі кінәрат-талабын ұсынды. Бұдан басқа «DL Construction» ЖШС ұялы байланыс операторы мен оның серіктестері Бәлиев мырзаның компаниясы берген барлық авторлық құқықтарды орындамағаны үшін өтемақы ретінде 40 млрд теңге көлемінде сот арқылы өндіріп алмақшы.

«Кселл» АҚ-ның бизнес-нарығын дамыту департаментінің директоры Вадим Людің айтуынша, егерде сот әлдеқандай себептерге байланысты талап қоюшының жағына тұрса, онда компания өзінің қызметтерінде кез-келген контентті таратудан бас тартуға мәжбүр болады. «Бизнес жағынан қарайтын болсақ, біз осындай жағдайларда жұмыс істей алмаймыз. Бұл тек компанияның кірісін төмендетпейді, сондай-ақ мемлекет бюджетіне түсетін салық кірістерін де азайтады. Нарықтың көптеген мүшелері біздің үлгімізді есепке алып, артымыздан еру мүмкін. Себебі бірде бір провайдерде телеарналар ұсынып отырған контенттің заңдылығын қадағалау мүмкіндігі жоқ. Оларды да кейін біреулер осылай сотқа бере алады», - деп астын сызып айтты Вадим Лю.    

«Terraline» ЖШС-нің заңгері Искандер Ишмуханбетовтің пікірінше, осындай орын алған сот процесстері Қазақстанда заңды БАҚ контенті нарығын толығымен жойылуына әкелу мүмкін. «Нәтижесінде бұл Қазақстанда ұялы байланыс операторларының телехабарын тоқтатуына әкелетініне қүдіктенеміз. Еліміздің азаматтары пайда болған ақпараттық вакуумды толтыру үшін басқа қолжетімді контентке бет бұрады. Осында ең маңызды сұрақ - бұл жерде кімнің ақпараты басым болады? Дәлірек айтқанда, осының салдарынан еліміздің ұлттық қауіпсіздігі жайында сұрақ туындайды», - деп ескертті заңгер.  

Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) аралық сотындағы Қазақстанның өкілі Дмитрий Братусь «Кселл» мен «Terraline» компанияларына тағылып отырған сот талаптарын негізсіз деп санайды. Мысал ретінде ол көршілес Ресейдегі контентті тарататын ақпараттық делдал етушілерге ұқсас талаптар тағылған кезде, сот оларды қабылдамағанын келтірді.

Соған ұқсас пікірді «Болотов и партнеры» заңгер фирмасының басқарушы серіктесі Юрий Болотов та ұстанады. «Бұл құқық қолдану тәжірибесі қазіргі таңда барлық ұялы байланыс операторларына қатысты жағдай. Мәселен, «Кселл» компаниясы абоненттердің бір-бірімен жүргізіп жатқан әңгімелері үшін жауапты ма? Немесе такси жүргізушісі отырғызған жолаушылардың қалтасы үшін жауапты бола ма? Бұл әрине қатты келтірілген ұқсастық, дегенменде қалыптасқан жағдай осыған тура келіп тұр», - деп есптейді Юрий Болотов. 

«Қазақстандық Медиа Альянс»-тың басқарушы директоры Виктор Кияницаның пікірінше, Қазақстанда авторлық құқықты қорғауда мемлекет жағынан нарықты реттеу қажеттілігі туындады. «Қазір бұл салада ақпараттық бопсалау элементтері бар толық тәртіпсіздік болып жатыр. Бізге бұндай компаниялардың жұмысын байланыстыратын, лицензиялайтын және қадағалайтын мекеме қажет. Ол бір жағынан нағыз құқық иесінің алдында жауап береді, екінші жағынан – мемлекет алдында жауапты болады», - деді Кияница. 

Қазіргі таңда «Кселл» мен «Terraline» компаниялары қалыптасқан жағдай аясында ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асановтың атына үндеу дайындап жатыр. Құжатта компания еліміздің басты төрешісін жағдайды шешіп беруін сұрамақшы. Бұдан басқа, «Кселл» АҚ-ның заң департаментінің директоры Дамир Жанбакиевтің айтуынша, «DL Construction» пайдасына шығарылған сот шешіміне компания жақын арада шағым түсіреді.