Баспа орталығы
30 шілде 2018

Жетім балаларға көмек көрсетуге бағытталған SMS-жәрдем етуді жинау үшін Kcell және activ абоненттеріне арналған 3388 қысқа нөмірі іске қосылды

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған «SOS Қазақстанның Балалар Ауылы» корпоративтік қорының тәрбиеленушілеріне, балаларға және жетім балаларға көмек көрсетуге берілетін SMS-жәрдем етуді жинау үшін Kcell және activ абоненттеріне арналып 3838 қысқа нөмірі іске қосылды. «Әр бала үшін отбасы» жобасының шеңберінде қысқа нөмірін іске қосу жүзеге асырылады.

«SOS Қазақстанның Балалар Ауылы» корпоративтік қоры 1993 жылы құрылды. Қордың міндеті – балалардың қамқоршы болатын отбасында тәрбиеленуі мен өмір сүру құқығын қамтамасыз ету.

Ең бірінші «SOS Балалар ауылын»1949 жылы Австрияда Герман Гмайнер негізін қалады. Ол өз өмірін Екінші Дүниежүзілік соғыста ата-анасынан айырылған немесе өз қорғаушылық сезімін жоғалтқан, тұрғын үйсіз қалған балаларға, мұқтаж балаларға арнады. Осы уақтыттан бері ұйым кеңейіп, әлем бойынша барлық балаларға көмек көрсетуде. Бүгінгі таңда «SOS Балалар ауылы» 135 елде бар*.

Әр жастағы қыздар мен ұлдар SOS-бір отбасында бір үйдің балаларындай өмір сүруде. Осы балалар өздерінің SOS-анасымен өмір бойы жалғасын табатын отбасы байланысын құруда. Балалар әр күні өз араларындағы міндеттерін, қуаныштары мен реніштерін бөлісіп, бірге ержетіп, бірге оқиды. SOS-отбасылары балаларына бақытты балалық  шағына қуанарлық жағдай жасап бірге өмір сүреді. Отбасылар тәжірибелерімен бөлісіп, бір-біріне көмек көрсетеді. Әр бала өз отбасында, ауылында және жергілікті жерде қоғамдық өмірге атсалысуға үйренеді.

 «Біз тағы бір қайырымдылық қысқа нөмірдің іске қосылуы туралы қуанышпен хабарлаймыз. Бұл жолы біз «SOS Қазақстанның Балалар Ауылы» корпоративтік қорымен серіктес болдық. Балалар үйінің SOS-ауылдардан айырмашылығы, балалардың өз отбасында өмір сүретіндігі өте қуантады. Осылайша, балалар қазіргі кезден бастап қоғаммен біте қайнасады. Ауылдың барлық түлектері өз қабілеттілігін танып, елінің толыққанды азаматы болады. Біз, ортақ күш салысуда біздің қоғамымызды жақсарта аламыз және қоғамның әлеуметтенуінде жетім балаларға көмек көрсету негізгі мақсатымыздың бірі болып табалады» - деп «Кселл» АҚ коммуникация бөлімінің басшысы  Наталья Еськова атап өтті.

Kcell және activ абонеттері 3838 нөміріне хабарлама жіберу арқылы балалар ауылына көмек көрсете алады. Бір SMS құны – 280 теңге.

* https://www.sos-childrensvillages.org/international-annual-report-2017