Баспа орталығы
29 тамыз 2018

«Кселл» FourЭ эко-этнофестивалін мобильді байланыспен қамтамасыз етті

Жыл сайын өтетін open air FourЭ фестивалі биыл тоғызыншы рет болып отыр. Фестивальге үш күн бойы 10 мың адам келді. Фестиваль өткізілген орында өз абоненттеріне ыңғайлы болу үшін «Кселл» компаниясы үш күн бойы клиенттерге үзіліссіз байланыс және жоғары сапалы мобильді интернетті қамтамасыз ету үшін қосымша техникалық құралдарды орнатты.

Төрт «Э» - қоғамның Этникалық әртүрлілігін, қоршаған ортаға қатысты Экологияны, сананың Эволюциясы мен Эмоцияны танытудағы философия. FourЭ жыл сайын Алматы маңындағы көркем жерлерде адамдарды жинайды. Биылғы жылы бұл шара Талғар ауданының Солдат шатқалында өткізіліп, алаңқайының көптігімен  ерекшеленді.

Қонақтар йога өнерін меңгерді, 17 негізгі тақырып және қосымша тақырып бойынша бизнес-тренингтер мен лекциялар тыңдады. Күндізгі және кешкі оқу бағдарламаларына қоса, ұйымдастырушылар ашық аспан астында концерт, қолөнершілер жәрмеңкесін өткізді және пайдалы және дұрыс тамақпен қамтамасыз етті. Кейбір қонақтар өздері шатыр қалашығын ұйымдастырып, табиғат аясында бірнеше күнін өткізіп қайтты.

ТурСтат аналитикалық агенттігі дайындаған ТМД елдерінде табиғат аясында өткізілетін фестивальдер рейтингінде FourЭ осы жазда Минскіде (Белоруссия) «Рок за Бобров» мен Бакудегі (Әзірбайжан) «Жара»  фестивалімен бірге ең танымал фестиваль үштігіне енді.

Kcell және Activ желісінде орнатылған қосымша жабдықты көрсететін деректерге сәйкес, фестиваль барысында Интернет-трафикті және қоңырауларды пайдаланудың өсуі байқалды.

Интернет-трафиктің максималды көлемі фестивальдің екінші күні, сенбі, 18 тамызда, түстен бастап түн ортасына дейін жоғары болды. Осы уақыт ішінде 3G желісінде абоненттер сағат сайын 7 ГБ пайдаланды. 4G / LTE желісінде максималды көлем сенбіде 220 Гбайтқа жетті. Сонымен қатар, 4G / LTE желісінде абоненттер бүкіл фестиваль барысында күніне орташа есеппен 180 ГБ дейін пайдаланды.

Дыбыс қоңырауларының ең көп саны 17 тамызда сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін, 18 тамызда сағат 20.00-де байқалды.

FourЭ фестивалінде «Кселл» компаниясы фестивальдің барлық қонақтарына аctiv ұсынған Bookmate қосымшасында 5000-нан астам аудиокітаптарды тыңдау үшін тегін ай сайынғы жазылымды сыйға тартты.