Баспа орталығы
25 қыркүйек 2018

«Кселл» жетінші рет «Special Olympics Kazakhstan» ұйымдастырған «Camp Shriver» балалар лагерінің демеушісі болды

2018 жылдың 10 қыркүйегі мен 20 қыркүйегі аралығында Алматы қаласында зияткерлік мүмкіндіктері шектелген балаларға арналған жыл сайынғы «Camp  Shriver» спорттық-сауықтыру лагері өтті. Іс-шараны «Special Olympics Kazakhstan» Қоғамдық бірлестігі өткізді. «Кселл» компаниясы жетінші рет лагерьдің бас серіктесі болды. Биыл ол 80 арнайы атлеттерді, сондай-ақ олардың ата-аналарын қабылдады.

«Camp Shriver» лагерінің негізгі міндеті - ойлау қабілеттері шектелген адамдарға әртүрлі спорт шаралары арқылы позитивті қарым-қатынас қалыптастыру.

Биылғы жылы лагерьге мүмкіндігі шектеулі 80 бала қатысты, олармен 20 студент-еріктілер және 10 жаттықтырушы, сонымен қатар ата-аналардың өздері жұмыс істеді. Балалар мини-футбол, бадминтон, баскетбол, бочче және флорбол ойнауда негізгі дағдыларды меңгерді. Сонымен қатар, 2-7 жас аралығындағы балалар үшін «Жас атлеттер» бағдарламасы өткізілді, ол дене жаттығуларымен айналысуға ойлау қабілеттері шектелген ең кішкентай жастағы балаларды қызықтыруға бағытталған. Әдетте, денеге түсетін ауырлық ойын түрінде өткізіледі.
Дене жаттығуларынан басқа биылғы жылы лагерьде «Салауатты атлет» деп аталатын бағдарлама болды. Балалар кәсіби дәрігерлердің және дәрігер студенттердің қатарынан құралған еріктілердің қатысуымен денсаулық жағдайын анықтау үшін жалпы скринингтен өтті.

«Қыркүйек айында «Кселл» өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтеді. Осы жылдары жүздеген әлеуметтік жобаларды қолдадық. Олардың ішінде «Special Olympics Kazakhstan» қозғалысымен ұзақ мерзімді серіктестігімізді ерекше атап өткім келеді. Биылғы жылы мерейтойын тек «Кселл» ғана атап өтпейді. Дүние жүзінде Special Olympics қозғалысына 50 жыл толады, оның 15 жылдан астам уақыттан бері біз «Special Olympics Kazakhstan» бірге бірлесіп ойлау қабілеттері шектелген балаларға әлеуметтендіру мен бейімдеуде көмек көрсетіп келеміз. Биылғы жылы біздің компаниямыз қоғамымызды инклюзивтік дамыту үшін қайтадан осы маңызды жобаның бір бөлігі болды, өйткені туған күнде сыйлық жасау біз үшін ғанибет», — деп атап өтті Наталья Еськова, «Кселл» АҚ коммуникация бөлімінің басшысы.

*** Спешиал Олимпикс бұл 1968 жылы Кеннеди (АҚШ) отбасымен құрылған, зияткерлік мүмкіндіктері шектелген адамдарға арналған спорттық жаттығулар мен жарыстардың дүние жүзіндегі ең үлкен жыл бойына жұмыс істейтін бағдарламасы. Әлемнің 170 елінде бір миллиионнан астам адам 26 жазғы және қысқы олимпиадалық спорт түрлері бойынша жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейде жаттығады. Алматыда бірінші лагерь 7 жыл бұрын өтті. Осы қысқа мерзім ішінде «CampShriver» қазақстандық ойлау қабілеттері шектелген балаларға көмек және қолдау көрсету үрдісіндегі маңызды тізбекке айналып отыр.