Баспа орталығы
25 қаңтар 2019

Шымкент қаласында activ және Kcell абоненттері үшін автобустарда жолақыны SMS арқылы төлеу іске қосылды

«Кселл» АҚ mobimoney сервисінде мобильді қаржылық қызметтерді дамытуды жалғастыруда және Шымкент қаласындағы өзінің клиенттері үшін автобустарда жолақыны SMS арқылы төлеуді іске қосады.

Алматы, Астана, Ақтөбе, Орал қалаларында, аленді Шымкент қаласында аctiv және Kcell абоненттері қоғамдық көлікте жолақыны SMS арқылы төлейді. Бұлоңай, қолжетімді әрі ыңғайлы: жолақы төлеу үшін автобусты аралап тексерушіге баруға, қайтарымды күтудің немесе төлем терминалына кезек күтіп тұрудың қажеті жоқ.

SMS арқылы төлеу үшін мобильді теңгерімде ақшаның болуы тиіс және бірнеше қадамдығана орындау керек:

  • 2505 нөміріне жапсырмадағы көліктің кодын (автобустың терезелерінен қараңыз) немесе егер жапсырманы көрмесеңіз, автобустың мемлекеттік нөмірін SMS арқылы жіберіңіз;
  • SMS жауап ретінде электронды билет келеді, оны қажет болғанда тексерушіге көрсетуге болады.

Қазіргі уақытта Шымкент қаласында автобустардың 141, 147, 147А, 148, 148Б бағыттары бойынша төлем жарамды.

«Біз 2015 жылдан бастап мобильді қаржылық қызметтерінің бағытын дамытудамыз, бұл біздің абоненттеріміз мобильді теңгерімді байланыс қызметін төлеу құралы ретінде ғана емес, сонымен қатар күнделікті істерде де қолдануға мүмкіндік береді. Бұл үшін біз mobimoney сервисін мобильді қосымша немесе mobimoney.kz сайт ретінде ұсынамыз. Сервисте 200-ден астам түрлі қызметтер: коммуналдық қызметтер, тауарлар, хабарландырулар, ойындар, купондар, билеттер және басқа көптегендер бар. Егер пайдаланушының банктік картасы болмаса, ақшасы қолма-қол ақшамен немесе абоненттің нөмірі бойынша теңгерімде болса, мұның бәрін теңгерімнен оңай төлеуге болады, — деп хабарлады жаңа бизнесті дамыту жөніндегі бөлімнің басшысы Марат Садықов. — Қоғамдық көлікте жолақыны SMS арқылы төлеуді іске қосу — бұл біздің клиенттеріміздің өмірін жеңілдететін, олардың уақытын үнемдейтін және күнделікті мәселелерді байқатпайтын әдістің бірі. Автобустарда жолақыны SMS арқылы төлеу заманауи және технологиялық тұрғыдан қазақстан қалаларының тізімі ұлғайып келе жатқанына қуаныштымыз, енді шымкенттіктер мобильді теңгерімнің мүмкіндіктеріне жаңа көзқараспен қарайтын болады».

2505 қысқа нөміріне SMS жіберу қызметі тегін, ұялы байланыс операторының тарапынан комиссия алынбайды. Жолақы құны Шымкент қаласының қоғамдық көлігі үшін белгіленген қалалық тарифке сәйкес келеді және 70 теңгені құрайды, ол абоненттік нөмірдің жеке шотынан алынады. Көліктің қате кодын жіберген жағдайда абоненттік нөмірдің жеке шотынан қаражат алынбайды. Электронды билет көліктегі бір жол жүруге жарамды.