Баспа орталығы
20 наурыз 2019

Қазақстанда қазақ тілінің 4000 қанатты сөзі мен тұрақты сөйлемшелері жинақталған ақысыз мобильді қосымшасы пайда болды.

Қазақ тілінің 4000 астам қанатты сөздері, тұрақты сөйлемшелері және олардың орыс тіліндегі ұқсас мағыналары «Кселл» компаниясының қолдауымен шыққан «Ситуативный казахский,Словарь» ақысыз мобильді қосымшасында біріктірілген. Бұл-Қанат Тасибековтың «Ситуативный казахский» кітабының үшінші томының ресми электронды нұсқасы. Қосымша IOS және Android қолдайтын смартфондар үшін сәйкес келетіні, ыңғайлы интерфейсі бар, ең бастысы-ол әрқашан қолыңызда.

Қанат Тасибековтің зерттеулері орыс тілді қазақтарда қиындықтар туғызатын сөйлемшелер каталогын құрудан басталды. Бірнеше жылдық жұмыс нәтижесінде мемлекеттік тілді үйренуге де, қазақ тіліндегі ауызекі сөйлеудегі ойды нақты, барынша сауатты қалыптастыруға да көмектесетін «Ситуативный казахский» үш томдығы пайда болды.

«Орыс тілді қазақстандықтар қазақ тілінде сөйлегенде және көркем орамды сөздерді, мақал-мәтелдер, қанатты сөз тіркестерін қолданғысы келсе, ойларына әдетте орыс тілінде сөз тіркестері оралады. Бұл жағдайда орыс тілінен дәйексөз немесе мақал-мәтелдерді тікелей аудару көбіне айтылғанның мағынасын бұрмалайды. Біздің қосымша әдеби сөйлеудің орынды және дұрыс көркем орамдарын іздеу процесін жеңілдетеді. Ол орыс тілді адамға өз ойларын қазақ тілінде әдемі және дәл білдіруге көмектеседі. Қосымша қазақ тілін үйренудегі және қолданудағы дәл осы қажетілікті есепке ала отырып әзірленген,- деп атап өтті «Ситуативный казахский» кітабының авторы Қанат Тасыбеков.

Автор «Сөздікте» ұсынылған қазақ тілінің барлығы 4000 астам сөздер мен сөз орамдарын, сөз тіркестерін жинаған. Оны жасауға 2 жылдан астам уақыт кетті.

«Екі жыл бұрын, біз Қанат Тасибековпен «Ситуативный казахский» -«Мир казахов» мобильді қосымшасының бірінші бөлімін шығарғанбыз. Ол орыс тілді қазақстандықтарға қазақ мәдениетін және сол арқылы біздің мемлекеттік тіліміз-қазақ тілін жақсырақ түсінуге көмектеседі. Бүгін біз оның өте ыңғайлы және пайдалы «Сөздік» толықтырмасы пайда болғанын қуанышпен хабарлаймыз. Қазақ тілін білу және қолдану-елдің әрбір азаматының міндеті. Біз өз алдымызға мемлекеттік тілді барынша көп отандастарымыздың оқуы мен үйренуі барысын қолжетімді ету үшін мобильді технологияларды қолдану қолдану міндетін қойып отырмыз. Біздің толықтырылған түрдегі ақысыз мобильді қосымшамыз қазақ тілінде әдемі сөйлегісі келетіндердің бәрінде танымалдыққа ие болады деп үміттенеміз,- деп тоқталып өтті «Кселл» АҚ коммуникациялар бөлімінің басшысы Наталья Еськова.

«Кселл» компаниясы мемлекеттік тілді дамыту мәселелеріне басты мән береді. Бұған дейін мобильді оператордың қолдауымен елімізде алғаш рет openu.kz бұқаралық онлайн курстар порталы пайда болды, онда Қазақстанның ірі ЖОО-ның қазақ тіліндегі ондаған лекциялары мен курстары ақысыз түрдегі қолжетімді болды.