Баспа орталығы
4 ақпан 2020

Енді activ және Kcell абоненттері Алматыда мобильді теңгерімнің көмегімен жолақыны төлей алады

Алматы қаласының қоғамдық көліктерінде жолақыны төлеу бұрынғыдан да ыңғайлы болғанын қуана хабарлаймыз. Kcell және activ абоненттері мұны 2020 жылдың 5 ақпанынан бастап мобильді теңгерімнің көмегімен жасай алады.

9909 қысқа нөміріне ONAY  терминалында алты таңбалы көлік коды бар SMS жіберу арқылы жолақыны төлеуге болады. Содан кейін абонентке сұраған кезінде контроллерге ұсыну қажет электрондық билеті бар SMS келеді. Бұл ретте теңгерімнен жолақы құны алынады.

Бұл төлем тәсілі ONAY картасымен төлеуге болатын барлық бағыттарда қолжетімді. 9909 нөміріне SMS жіберу тегін. Жолақыны төлеу кезінде теңгерімде жеткілікті сома болуы тиіс. Билет бір жол жүруге жарамды.

«Кселл» компаниясы өз абоненттерінің мүмкіндіктерін үнемі кеңейтуде. Біздің мобильді қаржылық сервисімізде 200-ден аса алуан түрлі қызметтер бар. Коммуналдық төлемдер, тұрақ төлемдері, тауарлар, хабарландырулар, ойындар, талондар, билеттер, - осының бәрін және көптеген басқаларын activ және Kcell абоненттері өздерінің мобильді нөмірлері теңгерімінен оңай төлейді. Өткен жылы біз мобильді теңгерім арқылы ақылы жолдарды төлеуді іске қостық. Енді Алматы тұрғындары мен қонақтары өз ұялы телефонының теңгерімі арқылы қоғамдық көліктерде жол жүру ақысын төлей алады. Егер сіз ONAY карточкасын үйде ұмытып кетсеңіз немесе Алматыға бірнеше күнге келіп, оны сатып алуға үлгермесеңіз, уайымдамаңыз. Тек activ және Kcell нөмірлерінің теңгерімінде қажетті сомаға ие болу жеткілікті. Біз теңгерімнен төлем жасау қолма-қол төлемге керемет және қолайлы балама болатынына сенімдіміз. Болашақта біз абоненттеріміз үшін мобильді қаржылық сервистерді одан әрі дамытуды және қызмет көрсету географиясын арттыруды жоспарлап отырмыз», деп айтты, «Кселл» АҚ мобильді қаржы сервистер бөлімінің басшысы, Александр Трапезин.

Естеріңізге сала кетейік, activ және Kcell абоненттері қоғамдық көлікте жолақыны Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Орал, Шымкент, Қызылорда және Петропавл қалаларында төлей алады.