Баспа орталығы
30 маусым 2020

activ абоненттеріне арналған жылдамдығы жағынан шектелмеген «Шынайы шексіз» тарифтік жоспары

Бүгінде біз Интернет, дәлірек айтқанда, мобильді интернет дәуірінде өмір сүріп жатырмыз деп сеніммен айтуға болады. Ол жер бетіндегі миллиардтаған адам бағалаған шексіз мүмкіндіктерді ашады. «Кселл» компаниясы үрдістерге сүйене отырып, өз абоненттеріне ыңғайлы болу үшін, оның ішінде мобильді интернет арқылы да жаңа өнімдер әзірлейді. Елдің әрбір тұрғыны өз телефондары арқылы ғаламдық желіні пайдаланатынын біле тұра: ол жай ғана мессенджерлер арқылы сөйлесу болсын, ағынды бейнені көру болсын, activ абоненттері үшін «Шынайы шексіз» жаңа тарифтік желісі шығарылды. Енді бүкіл интернетке қол жеткізу жылдамдығы жағынан шектелместен тарифтелмейтін болады!

Тарифтік желі «Шынайы шексіз S», «Шынайы шексіз М» және «Шынайы шексіз L» топтамаларымен ұсынылған. Дауыстық байланысқа арналған бонустық көлемнің саны таңдалған топтамаға байланысты және activ/Kcell желісінің ішіндегі қоңырауларға, басқа операторлардың нөмірлеріне және ҚР қалалық нөмірлеріне 200 минуттан басталады. Тарифтердің құны 2790 тг. басталады.

«Біздің абоненттердің барлық қажеттіліктерін ескере отырып, біздің мамандар «Шынайы шексіз» деп аталатын жаңа тарифтік желіні әзірледі. Жаңа тарифтік желіде біз жылдамдығы бойынша шектеусіз бүкіл Интернетке тарифтелмейтін қолжетімділікті ұсындық. Біз жаңа өнімнің көптеген абоненттердің көңілінен шығатынына және трафикті ойламастан мобильді интернетті пайдалануға мүмкіндік береді деп сенеміз. Компания бір орында тұрмайды және жаңа бірегей тарифтік ұсыныстармен жұмысын жалғастыруда», - деп атап өтті «Кселл» АҚ коммерциялық директоры Хикматулла Насритдинходжаев.

«Шынайы шексіз» желісінің тарифтік жоспарларын қосу шарттары туралы толық ақпаратты осында білуге болады.