Баспа орталығы
9 желтоқсан 2016

Аctiv абоненттері 2017 жылғы Қысқы Универсиадаға билеттерді ұялы байланыс нөмірінің теңгерімінен сатып ала алады

Ұялы байланыс операторы «Кселл» АҚ  2017 жылғы 28-ші дүниежүзілік Қысқы Универсиадаға билеттерді activ нөмірінің теңгерімінен сатып алу мүмкіндігін іске асырды. 

«2017 жылғы 28-ші дүниежүзілік Қысқы Универсиада – бұл Алматыда әлемнің түрлі елдерінен спортшылар мен көрермендерді жинайтын Қазақстан үшін айрықша мәнді және ауқымды  оқиға. Қазақстандықтар үшін  осы қыстың ең басты спорттық оқиғасының куәгерлері болу үшін шекараны кесіп өту және үлкен қашықтықты жүріп өту қажет емес. Мен  activ абоненттеріне  2017 жылғы Универсиадаға билетті  нөмірінің теңгеріміндегі  қаражаттар есебінен жеңіл  сатып алуға болатыны туралы қуана хабарлаймын. Біздің жаңа қызметіміздің  олар үшін нөмір теңгерімінен қолайлы төлем мүмкіндігін кеңейтетіндігіне, және біздің компаниямен бұрын іске қосылған  тұрақтарға ақы төлеу және Алматы қаласындағы қоғамдық көліктерде жүру ақысын төлеу мүмкіндіктеріне тамаша қосымша болатындығына  сенімдімін», - деп атап өтті Арти Отс,  «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры. 

Аctiv абоненттері, http://kassir.kz/universiade   сайтында спорттың өзін қызықтыратын түріне билетті таңдай отырып,  activ нөмірінің теңгерімінен тапсырысқа ақы төлеу мүмкіндігін таңдай алады. 

Абонентке электронды пошта мекенжайы мен  теңгерімінен сатып алу жүзеге асырылатын activ телефон нөмірін енгізу ұсынылады. Билетке ақы төлеу үшін нөмір теңгерімінде  қажетті сома болуы тиіс. 

Билеттер сайтта жарияланған  бағасы бойынша қосымша комиссиялық алымдарсыз сатылып алынады. Билеттің құны  спорттық шараның түріне, орнына, секторына байланысты болады. 

Билетке тапсырыс беру кезінде абонентке  көрсетілген нөмірге 7701 нөмірінен SMS түріндегі растауға сұраныс келеді. Жауап ретінде, сатып алуды растау үшін, абонентке  тегін жауаптық хабарламада «1» жіберу керек. Содан кейін билет сатылып алынатын және абоненттің электронды поштасына жіберілетін болады, ал билеттің құны теңгерімінен шегеріліп алынады. 

2017 Универсиада туралы ақпарат http://almaty2017.com/ru/  ресми сайтында қол жетімді.