Баспа орталығы
27 желтоқсан 2016

«Белсенді төлем» акциясының алғашқы жеңімпаздары Samsung GalaxyS7 Edge алды!

2016 жылдың қараша айында  activ абоненттері үшін «Белсенді төлем» акциясы іске қосылған.  Алматы қаласында SMS арқылы тұрақ ақысын және қоғамдық көлікте (автобустар және троллейбустар) жол жүру  ақысын төлей отырып, activ абоненттері  автоматты түрде Samsung Galaxy S7 Edge LTE Black 32 GB смартфонларының ұтыс ойынының қатысушыларына айналады.

Автобуста жол жүру ақысын және тұраққа ақы төлеу бойынша  алғашқы жеңімпаздар  анықталды. Олар  қараша айының ұтыс ойынына қатысушылар Әсел Чыкабаева мен Асылған Төлепов. 

Әсел Чыкабаева, Алматы қаласының тұрғыны, тұраққа SMS арқылы  ақы төлеген кезде акция туралы білмегенін айтты: ««Кселл» компаниясының қызметкерінен қоңырау мен үшін тосынсый болды.  Мен өзімнің мұндай акцияға қатысатындығым туралы білмеген едім.  Смартфон ұтып алу мен үшін  күтпеген тосын жағдай болды.  Мен өзімнің  барлық  таныстарыма  тұраққа SMS арқылы ақы төлеуге  кеңес беремін, себебі бұл қолайлы және арзан,  паркоматқа кезекте тұру қажет емес».

Егер SMS арқылы тұраққа бір сағатқа ақы төлеген activ абоненті  тұрақ орнынан ерте кететін болса, онда қалған сома  оған  минуттық тарифтеудің арқасында тұраққа қою шотына қайтарылады. Қалған сомамен тұраққа келесі жолы ақы төлеуге болады.  SMS арқылы тұраққа ақы төлеген тиімдірек,  себебі паркомат қайтарым жасамайды және  тұраққа қою шотындағы ақша қалдығы  тұрақтан уақытынан бұрын шығып кету жағдайында сақталмайды.

Автобуста жол жүру ақысын SMS арқылы төлеген екінші жеңімпаз – Асылған Төлепов: «Алғаш рет мен жол жүру ақысын телефон балансынан әмиянымды үйге қалдырып кеткен кезде  төледім.  Сол жағдайдан кейін  мен  автобуста жол жүру ақысын   осындай жолмен төлеп тұрамын. Мен төлем терминалына кезекті күтпеймін, автобусқа кіремін, SMS жіберемін және лезде чекті аламын.  Activ абоненттеріне  сервисті байқап көруге және акцияға қатысуға кеңес беремін».


Акцияға қатысу үшін не істеу керек: 

  • Тұрақ ақысын 7757 нөміріне SMS жіберу арқылы төлеу. Төлем бойынша нұсқау мұнда, тұрақ орындарының мекежайлары мұнда
  • Автобуста жүру ақысын 2505 нөміріне автобустардағы ақпарат парақшаларында көрсетілген көлік кодымен SMS жіберу арқылы төлеу. Автобустарда жүру ақысын төлеу бойынша нұсқау мұнда.

«Белсенді төлем» акциясы жалғасуда! Акция туралы толығырақ мұнда https://activ.kz/kk/press/2016/11