Баспа орталығы
9 ақпан 2017

Kcell желісі Универсиада нысандарында ақаусыз жұмыс істеді

«Кселл» компаниясының 52 инженері, оның ішінде 13-і тәулік бойы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада өткен спорт нысандарындағы базалық станциялардың жұмысына ат салысып, қызмет көрсетті. Осындай еңбектің арқасында, көрермендер онлайн-трансляция жүргізуге, алған әсерлерімен әлеуметтік желілерде жақындарымен және достарымен бөлісу мүмкіндігіне ие болды. «Кселл» мамандары сервистердің қолжетімділігін, сигнал деңгейін және деректерді беру жылдамдығын үздіксіз бақылап отырды. Желінің сапалы жұмысы Kcell және activ абоненттеріне жалпы жарыс уақытында  6,4 млн. минут әңгімелесуге жағдай жасады, ал бұл өз кезегінде 4,4 мың күн әңгімелесу уақытын құрайтын еді. 

Компания инженерлері Универсиада спорт нысандарына қызмет көрсететін әр базалық станцияның көрсеткіштерін қалтқысыз бақылап отырды. Спорт нысандарындағы желі жұмысы  айрықша басымдылықта тұрды. Жарыс кезінде компанияның барлық базалық станциялары тоқтаусыз режимде жұмыс атқарды. Бұл ретте, Осы уақыт аралығында Алматы қаласындағы барлық спорт нысандарында Kcell және activ абоненттері 69 515 ГБ* интернет-трафигін пайдаланып үлгерді. 

 «Алматы Арена» стадионында, қаңтардың 29 жұлдызында өткен ашылу салтанаты барысында компания абоненттері 1 174 ГБ-тан астам  интернет-трафигін пайдаланды. 

 Жарыс өткен 12 күн ішінде жұмсалған интернет-трафиктің ең үлкен көлемі - 10 552 ГБ «Алматы Арена» көп функционалды кешенінде тіркелген. Ал «Халық Арена» стадионында

6 969 ГБ интернет-трафигі игерілді. Үшінші орында Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы тұр, аталмыш жерде  Kcell мен  activ абоненттері  6 747 ГБ интернет-трафикті игерді.  Төртінші орын «Медал Плазаға» бұйырды, онда мобильді интернеттің 5 794 ГБ пайдаланылды. 

«Кселл» компаниясы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың ресми мобильді операторы бола отырып, барлық жарыстар мен жаңалықтар туралы ақпарат алып отыру үшін 7117 бірегей анықтама байланыс-орталығын ұсынды. Байланыс-орталығы іске қосылған сәттен бастап,  операторлар 4 883  сауалға жауап беріп үлгерді, бұл  ретте сұрақтардың басым бөлігі жарыс кестесіне және билет сату пунктеріне қатысты болды. 

Еске сала кететін жайт, компания 2016 жылдың желтоқсан айында Универсиада билеттерін activ нөмірінің теңгерімі есебінен сатып алу мүмкіндігін жүзеге асырды. Ұялы телефонның теңгерімінен билеттер көбіне шайбалы хоккей, мәнерлеп сырғанау және тұғырдан шаңғымен секіру секілді спорт шараларына сатылып алынды. 

*осы жерде және бұдан әрі .28.01-08.02.2017ж. аралығындағы мәліметтер