Баспа орталығы

Келісімшарт бойынша iPhone 7 32GB үшін алдын-ала төлем сомасы екі есе төмендеді

«Кселл» iPhone келісімшарттық смартфондарының белгілі бір үлгілеріне алдын-ала төлемнің және айлық төлемдердің мөлшерін төмендетті.

Мысалы, келісімшарт бойынша  iPhone 7 32GB сатып алу  алдын-ала төлем сомасын төмендеткенге дейін бұрынғыдай 20 000 теңгені емес, 10 мың теңгені талап ететін болады.

Сонымен қатар, смартфонның осы үлгісі үшін екі жылға бөліп төлеуді рәсімдеу кезінде, келісімшарттық ұсыныс аясында ұялы байланыс қызметтерінің ең аз көлемін құрайтын айлық төлем бұрынғыдай 18000 теңге емес, 17400 теңге құрайтын болады.

Мұнда сіз келісімшарт бойынша белгілі бір iPhone  үлгілерін сатып алудың жаңа шарттарымен таныса аласыз.