Баспа орталығы

Аctiv абоненттері абоненттік нөмір теңгерімінің есебінен ticketon.kz сайтынан билеттер сатып алу мүмкіндігіне ие болды

Аctiv абоненттеріне киноға, театрға немесе көрмеге бару әлдеқайда жеңіл және ыңғайлы болды. Енді абоненттер Ticketon.kz  сервисінің барлық іс-шараларына билеттерді өзінің ұялы телефондарының теңгерімінен сатып алу мүмкіндігіне ие. 

Билетті тапсырысты рәсімдеп алғаннан кейін,  «Аctiv теңгерімінен төлеу» нұсқасын таңдау арқылы сатып алуға болады.  Сатып алу сомасы  23 мың теңгеге дейін құрауы мүмкін. Бұдан кейін абонентке 7701 нөмірінен SMS келеді. Төлемді растау үшін хабарламаға жауап ретінде 1 санын жазып тегін SMS  жіберу керек. Қаражат абоненттің дербес шотынан  ұсталғаннан кейін, төлем нөмірін қамтитын хабарлама келеді. Осы нөмірдің көмегімен www.check.activ.kz сайтында сатып алуды тексеруге болады. Билеттердің құны олардың санына және іс-шараның түріне байланысты болады.   

«Заманауи әлемде уақыт – басты ресурстардың бірі саналады, сол себепті біздің компания  абоненттеріміздің ыңғайлығы мен жайлылығы үшін мобильді қаржы сервистерін белсенді түрде дамыту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Абоненттік нөмірдің теңгерімінен Ticketon.kz сервисінде билеттер сатып алу  activ  абоненттерінің арасында кеңінен таралып  қолданылуда. Көптеген адамдар 28-ші Қысқы Универсиада жарысына билеттер сатып алу үшін дәл осы әдісті қолданды. Әрі  осындай транзакциялардың орташа чегі  шамамен 3000 теңге құрады. Біз алдағы уақытта компания клиенттерінің мүмкіндіктерін кеңейту үшін электронды қаражатты пайдалана отырып мобильді қаржы қызметтері саласындағы сервистік және технологиялық шешімдердің кең спектрін енгізуді жоспарлап отырмыз»,-деп атап өтті «Кселл» АҚ-ның бас  атқарушы директоры Арти Отс.   

Ticketon.kz – Қазақстандағы  мәдени және спорт іс-шараларына, оның ішінде кино, театр және цирк қойылымдарына, қазақстандық және шетелдік экстрада жұлдыздарының концерттеріне, тренингтер мен семинарларға, мұражайларға және көркем галереяларға экскурсияларға, балалардың қойылымдарына, ұлттық командалардың футбол, хоккей мен баскетбол мачтарына, сонымен қатар, халықаралық ауқымдағы жарыстарға билеттерді онлайн-сатудың  ең ірі сервисі.