Баспа орталығы

activ «Пайдаланбағаныңызды жоғалтпаңыз» қағидасын ұстана отырып, интернет-трафиктің қалдықтарын келесі айға аударуда

activ  ойын ережелерін өзгертіп жатыр – ақысы төленген, алайда пайдаланылмаған интернет-трафик күйіп кетпей, мүлдем тегін тағы бір айға аударылады.      

 

«Жаңа ұсыныстарды дайындау кезінде біз абоненттеріміздің біздің желімізді  пайдаланудағы артықшылықтар мен басымдылықтарға қатысты бірегей тәжірибесіне, бізбен жиі түрде қуана бөлісіп отыратын қалауы  мен идеяларына арқа сүйейміз»- деп  «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры Арти Отс ойымен бөлісе кетті. –Мұндай өзара әрекеттесу пайдаланушыларымызға  шын мәнінде қажетті дүниелерді ұсынуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде нарықта «гигабайттар жарысы» басталып кетті десем артық болмас. Дегенмен де,  абоненттердің 40%-нан көбі  төлеген трафигінің жартысынан көбін пайдаланбайтындығына назар аудара қоймайды, шын мәнінде бұл артық төлеу болып табылады». 

Сол себепті, 2017 жылғы 11  наурыздан бастап, асtiv-тің «Комфорт 8», «Комфорт 10»,  «Активті Boom+», «Активті PRO+», «Активті Boom» және  «Активті Pro» тарифтік жоспарларының абоненттері үшін «Интернет-трафиктің қалдықтарын аудару»  науқаны қолжетімді. Осы науқанның аясында ағымдағы есептік кезеңде пайдаланылып үлгермеген интернет-трафик көлемі  автоматты түрде тегін келесі айға аударылады. Әрі мобильді интернеттің келесі айға қалдырылған көлемі бірінші кезекте жұмсалатын болады. 

«Активті Boom+», «Активті PRO+», «Активті Boom» және «Активті Pro» тарифтік жоспарларында ақпан айында есептелген интернет-трафиктің пайдаланылмаған қалдығы наурыз айына абоненттік төлемді ұстау шартымен наурыз айына ауыстырылатын болады.

 

 «Комфорт 8» ТЖ үлгісінде бұл қалай жұмыс істейді: 

Абонент 11  наурыз күні «Комфорт 8» тарифтік жоспарына қосылды және 9 сәуірге дейін қоса алғанда 30 күн ішінде өзіне қолжетімді 8 ГБ-тан тек 5 ГБ мобильді интернетті жұмсап үлгерді.  Пайдаланылмаған  3 ГБ  осы 30 күн өткеннен кейін күйіп кетпей, автоматты түрде келесі 30 күнге аударылады.  Өткен айдағы интернет-трафиктің қалдығын абонент келесі айдың абоненттік төлемін жасағаннан кейін ғана пайдалана алады. 

Егер де келесі абоненттік төлем кешіктірусіз, яғни 10 сәуірде ұсталатын болса, абонент 30 күндік мерзімде өткен айдан қалған 3ГБ және жаңа айдан 8 ГБ, яғни барлығы 11 ГБ интернет трафигіне ие болады. Бірінші кезекте өткен айдан ауыстырылған 3 ГБ жұмсалатын болады.   

Егер абонент абоненттік төлемді 10 күнге кешіктіріп, мысалы, 20 сәуірде енгізетін болса, оған осы айда тарифтік жоспар бойынша есептелген 8 ГБ 30 күнге, яғни 20 сәуірден бастап 19 мамырға дейін қоса алғанда қолжетімді болады. Өткен айдан қалған 3 ГБ тек 20 күнге, яғни 20 сәуірден бастап  9 мамырға дейін әрекет ететін және бірінші кезекте жұмсалатын болады. 

«Интернет-трафиктің қалдықтарын аудару» науқанын пайдаланудың басты шарты – бұл тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлемді уақытылы ұстау. Атап өтетін жайт, интернет-трафиктің қалған көлемі абоненттік төлемді ұстаудың белгіленген күнінен бастап тек 30 күнге ғана ауыстырылады.

 

Науқан 2017 жылғы 11 наурыздан бастап 2017 жылғы 31 тамызға дейін әрекет ететін болады. Қосымша ақпарат мұнда.

 

Интернет-трафиктің қалдықтарын аударуыннан басқа, «Комфорт» тарифтік жоспарларының жаңа желісі activ абоненттеріне күндізгі және түнгі деп бөлместен мобильді интернеттің тәуліктік көлемін ұсынады. 

«Комфорт 8» тарифтік жоспары ай сайын 8 ГБ мобильді интернетті ұсынса, «Комфорт 10» -  абоненттік төлемді сәтті ұстап қалу шартымен  ай сайын 10 ГБ трафик ұсынады. Мобильді трафиктің тәуліктік көлемі activ абоненттерінің өтініштеріне жауап ретінде топтамаға қосылған болатын. Әрі түнгі интернет-серфингті қолданатын адамдар айына бар-жоғы  190 теңгені құрайтын өте төмен бағамен Астана уақыты бойынша  01:00-ден бастап 06:00 аралығында ұсынылатын қосымша 10 ГБ қосып алу мүмкіндігіне ие. «Комфорт» тарифтік жоспарларының жаңа желісіне қосылудың толық ақпараты мұнда орналастырылған. 

«Қызметтерді пайдаланудағы қарапайымдылық мен ыңғайлылық  - activ өнімдік стратегиясының негізгі фокусы. Дәл осы себепті, абоненттеріміздің өздерінің шынайы мұқтаждылықтарына сай, кепілдік көлемге ие алдыңғы қатарлы өнімдерді алуына біз әрдайым жағдай жасап отырамыз» - деп атап өтті Арти Отс.