Баспа орталығы

Kcell ғылыми-техникалық шығармашылық және робот техникасы бойынша IV Алматы ашық чемпионатына қолдау көрсетті

29-30 сәуірде Алматы қаласында жыл сайын оқушылар мен студенттер арасында өткізілетін ғылыми-техникалық шығармашылық және робот техникасы бойынша   Алматы ашық чемпионаты болып өтті. Компания «Kcell Академия» жобасының шегінде конкурсқа серіктес болды. Біріншілікке бүкіл Қазақстан бойынша 209 команда қатысты. 

«Көптеген ғасырлар бойы адамдар күнделікті тұрмысты жеңілдетуге мүмкіндік беретін механизмдерді ойлап тауып келеді. Ондай жаңалықтардың санына жете алмайсың, алайда, адамның ақыл ойының жетістігін білдіретін құрал ол робот болып табылады. Қазірдің өзінде күнделікті өмірімізде сан түрлі құрал-саймандарды қолданып жүрміз, олардың арасында шаңсорғыш робот, хирург робот, автомобиль роботы дегендер өмірімізге еніп те кетті.  Робот техникасы саласының перспективалары сіз куә болуыңыз мүмкін  жаңа болашаққа жол ашады», - деді қатысушыларға арналған алғысөзінде чемпионаттың қазылар алқасының төрағасы, Қ.Сатпаев атындағы ҚазҰТЗУ  робот техникасы, техникалық құралдар және  информатика кафедрасының меңгерушісі Қасымбек Әжікенов.  

Чемпионат «Инженерлік жобалар», «Бағдарламалық жобалар», «Шығармашылық жобалар» және «Роботтар жарысы» тәрізді секциялар бойынша өткізілді. 

Қатысушылар өз жобаларын әзірлеуде мұқияттылық пен өнертапқыштық қасиеттерін көрсетті. Ең қызықты бағдарламаның бірі ретінде Алматы қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары ойлап тапқан күн батареясымен жұмыс істейтін егу және жинауға арналған жоба болды. 

Бұдан басқа тағы бір қызықты жобаны Ақтау қаласынан келген өнертапқыштар ұсынды. Олар құрастырған робот бір жарым минутта Рубик ойыншығын құрастырады, бұл чемпионатқа қатысушылар мен қонақтардың қызығушылығын тудырды. 

Екінші күні қатысушылар қазылар алқасының мүшелері өткізген уәждемелі дәріс тыңдау мүмкіндігіне ие болды. «Кселл» компаниясының атынан  техникалық департаменттегі стандартты өнімдерді жеткізу және іске асыру секторының жетекшісі  Мансұр Оңғарбаев сөз сөйледі, ол қазіргі заманғы инженердің қандай қасиеттерге ие болуы жөнінде әңгімеледі.  

Екі күннің қорытындысы бойынша қазылар алқасы әрбір категория бойынша үздіктерді анықтады. Нәтижесінде 42 команда жеңімпаз атанып, жарыс демеушілері мен серіктестерінен сертификат пен естелік сыйлықтар алды. 

"Кселл" компаниясының «Жалпыға арналған білім беру» КӘЖ стратегиясы шегінде студенттер мен мектеп оқушыларының конференциясында, олимпиадалар мен чемпионаттарға қатысу арқылы еліміздің зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған жобаларға жиі қолдау жасап отыратынын атап өту керек.