Баспа орталығы

СОРМ-ға қатысты компанияның ресми ұстанымы

Жақында бұқаралық ақпарат құралдарында СОРМ-ға қатысты мәселелер көтерілді және Кселл осы туралы өз пікірін білдіргісі келеді.
СОРМ жүйесі жаңалық емес, мұндай жүйелер бүкіл әлемде, соның ішінде, Қазақстанның байланыс желілерінде бұрыннан жүзеге асырылуда. «Kcell» ҚР қолданыстағы заңнамасын қатаң ұстанады және барлық талаптар мен нормаларды орындайды.

Сонымен қатар, бүкіл Telia тобы мен әлемнің барлық жетекші операторлары сияқты Kcell-дің пікір білдіру еркіндігі, инвестициялар және ашықтыққа қатысты бірқатар саясаттары бар. Аталған саясаттардың аясына кіретін ақпараттың барлық түрлерін инвесторларға және барлық мүдделі тараптарға жариялау тиіс.

ҚР-да СОРМ қамтамасыз ету саласында байланыс операторларының қызметін реттейтін бірқатар заңнамалық нормалар бар. Қазақстанда СОРМ реттеу жария болып табылады және Кселл осы күрделі әрі маңызды мәселенің мемлекетпен диалог түрінде талқыланатынын жоғары бағалайды. 2018 жылы күшіне енетін техникалық регламент (бұдан әрі – ТР) те мемлекет пен ҚР аумағында әрекет ететін, осы процеске қатысатын барлық тараптар арасындағы диалогтың нәтижесі болып табылады. ТР ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарына дәл сәйкестікті көздейді және ЖІҚ субъектілерінің заңмен қорғалатын ақпаратқа тікелей қол жеткізуін болдырмай, осы процестің барлық қатысушыларының құқықтары мен еркіндігін ескереді.