Баспа орталығы

Алматыда «Кселл»-дің қолдауымен XIII халықаралық PR-форумы өтті

18-19 мамырда Intercontinental мейманханасында дәстүрлі халықаралық PR-форум өтті.

 

«Кселл» компаниясы кезекті түрде іс-шараның ресми серіктесі болды. 

Дәстүр бойынша форумға жетекші PR-мамандар, пікір озаттары, мемлекеттік және бизнес-құрылымдардың топ-менеджерлері және еліміздің жетекші басылымдарының бас редакторлары қатысты.

Аталмыш форумның тақырыбы - «Сынаққа толы PR» жылы», себебі ұйымдастырушылар пікірінше, 2016 жыл күнтізбе бойынша ұзын және нарық үшін де күрделі болды.

 

«Telia Eurasia» өкілдері және «Кселл» АҚ сондай-ақ қиын қазіргі болмысында PR-коммуникациясы тәжірибесімен және көрінісімен бөлісті. Сөз сөйлеу барысында «Telia Eurasia» коммуникация бөлімінің басшысы Ирина Страджеску адами тұлғада бизнеске сенім идеясы туралы айтты. «Кселл» АҚ коммуникация бөлімінің басшысы Еськова Наталья компанияның дағдарысқа төтеп беру тәжірибесімен бөлісті.

 

«Өз тәжірибемізбен бөлісуге мүмкіндік туғанына қуаныштымыз. Көпшілік біздің әсіресе әлеуметтік желілерде теріс пікірмен белсенді жұмыс істейтінімізді біледі, бірақ бірінші кезекте, дағдарысқа дайындалу бойынша үнемі «жаттықтыру» жүргізу керек екендігін атап айтқым келеді. Біз, «Telia» тобының бөлігі ретінде мұны жоғары деңгейде орындаймыз және әр уақытта кибер шабуылға, ақпараттың жайылып кетуі және өзге болуы мүмкін теріс жағдайларға байланысты түрлі әдістерді пысықтаймыз. Бұл «тонуста болуға» көмектеседі. Форумның өзіне қатысты: мұнда, сөзсіз, бізге көзқарасымызбен, тәжірибемізбен бөлісуге және саладағы маңызды проблемалар мен трендті талқылауға мүмкіндік беретін Қазақстанның PR-саласындағы ең ірі және маңызды оқиға екенін атап айту керек», - деді Наталья Еськова.

 

Сонымен қатар дағдарыс коммуникациясын жаппай талқылаудан басқа осы жылы алғаш рет елімізде ең аз талқыланатын GR – government relations тақырыбы жан-жақты талқыланды.

 

Форумға 220-дан аса маман қатысты. Секция жұмысының қорытындысы http://prclub.kz и www.pressclub.kz сайтында жарияланды.

PG Communications, НАСО агенттіктері және Коммуникациялық кеңесшілердің халықаралық қауымдастығы, «PR-шы» қоғамымен байланыс бойынша бейресми Қазақстандық кәсіпқойлар клубы іс-шараның тұрақты ұйымдастырушысы                           болып табылатындығын еске саламыз.