Баспа орталығы

activ абоненттері киноға және спорттық шараларға жиі билет сатып алады

Ticketon.kz сайтында activ абоненттік нөмірінен билеттерді сатып алу қызметі іске қосылған сәттен бастап бес ай ішінде 3,6 млн. теңге сомасына 1 021 билет сатып алынды*.  Қызметті жиірек Алматы қаласының тұрғындары пайдаланады –  491  билет, екінші орында Астана қаласы – 321 билет, үшінші орында Қарағанды – 129, одан кейін Шымкент және Өскемен қалалары.

Билеттердің орташа құнына байланысты кинотеатрлар мен спорттық іс-шараларға көбәрек билеттер сатып алынады. аctiv абоненттік нөмірі теңгерімінен сатып алынған бір билеттің максималды құны 65 000 теңгеге жетті.

«Сервистің алғашқы бес ай ішіндегі жұмыс нәтижесі таңқалдырды. «Кселл» АҚ  2016 жылдың соңында activ абоненттік нөмірі теңгерімінен төлем жүргізуді бастады.   2017 жылдың басынан онлайн-сату сервисінде билеттерді сатып алу іске асырылды. Қызмет үлкен сұранысқа ие, себебі банктік картаны өажет етпейді және қосымша комиссиясыз онлайн іс-шараларына билеттерді сатып алуға мүмкіндік береді. Орташа чек әр ай сайын өсіп жатқанын айта кету керек: қаңтарда 2800 теңге, ал сәуір айында 4400 теңгеге жетті», - деп «Кселл» АҚ  бас атқарушы директоры Арти Отс атап өтті.

Сервис іске қосылған бірінші айда абоненттер 196 билет сатып алды, ақпанда көрсеткіш 251 дейін, наурызда  245  дейін жетті. Сәуір айында activ абоненттік нөмірі теңгерімінен 179 билет сатып алынды.  

«Соңғы жарты жылда мобильді құрылғылар арқылы билет сатып алатын клиенттердің көбеюі байқалады. Мұндай клиенттердің үлесі сатып алушылардың жалпы санының 60%-на тең. Сондықтан да төлем тәсілі ретінде абоненттік нөмір теңгерімін пайдалану перспективасы айқындала түсті. «Тикетон»сервисі қызметінің ерекшелігі іс-шараға сапар бойынша билеттерді сатып алу мүмкіндігі, не болмаса объект кассасына жиналған кезектті бақылау сәтіне болжанады. Мобильді төлемдерді енгізудің алғашқы айлары пайдаланушылардың қызығушылығын көрсетті және болжам бойынша жақын арада мобильді құрылғы көмегімен төлем жасау үлесі 10-12%-ға" жетеді», - деп «Тикетон» компаниясының басшысы Виктория Торгункова түсініктеме берді.

Билетті тек тапсырысты рәсімдегеннен кейін және «activ теңгерімнен төлеу» нұсқасын таңдағаннан кейін сатып алуға болатынын еске саламыз**". Кейін электронды пошта адресін және сатып алу жүргізілетін теңгерімінен activ телефоны нөмірін енгізу керек. Билетті төлеу үшін нөмір теңгерімінде қажетті сома болуы қажет. Бұдан кейін абонентке 7701 нөмірінен SMS келеді. Төлемді растау үшін жауап қайтаруда                             1 цифрымен тегін SMS жолдау керек. Абоненттің дербес шотынан қаражатты есептен шығарған кезде төлем нөмірімен хабарлама келеді. Осы нөмір көмегімен https://check.activ.kz/ сайтында сатып алуды оңай тексеруге болады.

Жобаны «WOOPPAY» төлем жүйесі көмегімен «Кселл» АҚ жүзеге асырады. 

*1 қаңтар мен 18 мамыр арасындағы мәліметтер бойынша

** Бір төлемнің максималды сомасы 100 АЕК