Баспа орталығы

mobiMoney мобильді нөмір теңгерімнен қызметтерді төлеу бойынша activ абоненттерінің мүмкіндігін ұлғайтады

«Кселл» АҚ activ  абоненттері үшін мобильді телефон нөмірінің теңгерімінен онлайнды сатып алу және қызметтерді төлеу үшін mobiMoney мобильді қаржылық сервисі порталын іске қосу туралы хабарлайды. 

«Біздің компания мобильді қаржылық қызметтер саласында технологиялық шешімдерді белсенді дамытады және енгізеді. Енді аctiv абоненттеріне, олардың абоненттік нөмірі теңгерімінен паркингке және қоғамдық көлікке жол ақысын төлеу, сондай-ақ іс-шараларға билеттер сатып алу қолжетімді. acitv абоненттері бес ай ішінде 3,6 млн. теңгеден асатын сомаға мыңдаған билеттер сатып алды. Және де бүгін activ  абоненттері үшін mobiMoney жаңа порталын іске қосуда, біздің пайдаланушылар үшін зор мүмкіндіктер  мен жайлылығы жағына мобильді қаржылық сервистерді дамытуда   біздің компания тағы бір маңызды қадам жасады», - деп «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры Арти Отс атап өтті. 

Мобильді нөмір теңгерімі көмегімен төлеуге болатын қызметтер тізімін mobiMoney айтарлықтай ұлғайтты. Одан басқа, бұл қызмет төлем процесін қолайлы және оңай етеді.

 

mobiMoney сервисін пайдаланудың 3 себебі: 

  • Оңайлық –   мобильді телефон әрдайым жаныңызда
  • Жылдамдық – мобильді телефон нөмірі әрқашан есіңізде сақтаулы
  • Қауіпсіздік –   сатып алуды растау немесе SMS арқылы төлеу

 

«Біз Қазақстанда онлайн-төлемдерді пайдаланушылар әрекеттерін мұқият зерттедік. Сондықтан да, ең алдымен, mobiMoney арқылы өз ойын белсенділігін төлеуге болатын онлайн-геймерлерді ерекше белсенді сегменттер үшін төлем үшін қолайлы және жайлы жағдайларды ұсынамыз. Әйелдер аудиториясына танымал косметикалық желілік компанияларда теңгерімнен сатып алу  мүмкіндігін ұсынамыз. Шопиинг әуесқойларына – олардың теңгерімінен жеңілдік купондарын сатып алу мүмкіндігі бар екендігімен»  -  Арти Отс жаңа сервис жұмысының нақтылығымен бөлісті.

 

mobiMoney қалай жұмыс істейді: 

  • Пайдаланушы www.mobimoney.kz  сайтында жеткізуші  мүдделі қызметті таңдайды, деректемелерді (шарттың нөмірі, e-mail, логин) енгізеді; сомасын және өз activ мобильді телефон нөмірін енгізеді;
  • «Төлеу» батырмасын басу кезінде оған бір реттік кодпен  SMS келеді және операцияны растауға сұрату мен операция бөлшектерімен беті көрінеді;
  • Пайдаланушы SMS кодын енгізеді және операцияны жүргізу нәтижелерімен парағын көреді.
  • Кейін ол жүргізілген операция туралы ақпаратпен SMS алады.

 

«Кселл» компаниясы mobiMoney төлем сервисінде жеткізушілер санын арттыруды жоспарлап отыр.  Серіктестер мен қызметі төлеу үшін қолжетімді тізімді  www.mobimoney.kz сайтынан білуге болады. 

«WoopPay» қаржы-техниқалық компаниясы mobiMoney сервисінің технологиялық серіктестігі болып табылады.