Баспа орталығы

«Кселл» қазақ мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін Америкалық сауда палатасының сыйлығын алды

 

Америкалық сауда палатасы Қазақстанның дамуына қосқан үлесі үшін номинацияcы бойынша ең үздік компанияларды анықтады. «Кселл» компаниясы қазақ мәдениетінің дамуына қосқан үлесі үшін атап өтіліп, мемлекеттік тілді меңгеру бойынша «Ситуативный казахский» тегін мобильдік қосымшасын шығаруға қолдау көрсеткені үшін дипломмен марапатталды. 

«Бұл номинацияда жеңіске жету біздің компания үшін аса маңызды жетістік болып саналады. «Кселл» компаниясының корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің басты мақсаттарының бірі – қазақ тілінің дамуына барынша ықпал ететін білім беру жобаларын қолдау. Мен «Ситуативный казахский» мобильді қосымшасын әзірлеуге қатысқандардың барлығына алғыс білдіремін. Бұл тегін мобильді қосымша мемлекеттік тілді тез әрі сауатты түрде игеруге қызығушылық танытқан адамдар үшін тамаша көмекші болатынына сенімдімін», дейді «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры Арти Отс. 

Естеріңізге сала кетсек, «Кселл» компаниясы «Баршаға білім» стратегиясы шеңберінде «Ситуативный казахский» тегін мобильді қосымшасын құруға қолдау білдірген еді. Бұл қосымша қазақ халқының мәдени мәнмәтініне ене отырып, қазақ тілін меңгеруге ниет білдіргендер үшін маңызды. 

«Ситуативный казахский» қосымшасы – Қанат Тәсібековтың осы аттас кітабының бірінші томының ресми электронды нұсқасы. Қосымша IOS және Android қолдауы бар смартфондар үшін қолжетімді, ыңғайлы интерфейсі бар, ал ең бастысы- әрқашан қол астында. 

Онда қазақ тіліндегі фразеологизмдерді, қалыптасқан сөз тіркестері және сөз түрлерін ахуалдық, мәнмәтіндік дұрыс қолданудың басты белгілері ашылған. Қосымшаның мәтіндік контенті аудио-файлдары бар иллюстрациялармен бекітілген.  

*Қазақстандағы Америкалық сауда палатасы (AmCham) халықаралық және жергілікті бизнес қауымдастықтардың «үні» ретінде қызмет етеді. Палата тұрақты түрде Қазақстанда бизнес жүргізу жайындағы идеялармен, тәжірибемен, ақпаратпен бөлісу үшін ашық форумдарды ұйымдарстырады. AmCham 1999 жылы отыз бес америкалық компания-мүшелерінен тұратын бастамашыл топпен құрылған. Қазіргі уақытта Палата екі жүз мүшеден  тұрады, солардың арасында: компаниялар, үкіметтік емес мекемелер, халықаралық қаржы институттары және жеке тұлғалар