Баспа орталығы
12 қазан 2017

Activ абоненттері «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде мобильді теңгерімінен қолма-қол ақшаны ала алады

«Кселл» АҚ мобильді қаржылық қызметтерді (MFS) дамытуды жалғастыруда. Енді Activ абоненттері бүкіл Қазақстан бойынша «Қазпошта» АҚ 3400 бөлімшелерінде өздерінің мобильді нөмірлерінің теңгерімінен ақшалай қаражатты ала алады.

«Кселл» компаниясы 2015 жылдан бастап жалпы нарықта мобильді қаржылық қызметтерді белсенді түрде дамытуда. Қазіргі уақытта компания абоненттері әртүрлі ойын-сауық шаралары үшін мобильді нөмірлердің теңгерімінен билеттерді сатып ала алады, автотұрақтар үшін және Алматы қаласының қоғамдық көлікпен жол жүру ақысын төлейді. mobiMoney порталы арқылы тауарларды сатып алуға, қызметтерді төлеуге, онлайн-ойындар үшін төлем жасауға және басқа көптеген нәрселерді орындауға болады.

Теңгерімнен қалай ақша қаражатын алуға болады:

  1. Activ мобильді нөмірінің теңгерімінен қолма-қол ақша алу бойынша операцияны жүргізу үшін «Казпошта» АҚ кез келген бөлімшесіне Операторға жүгініңіз;
  2. Жеке куәлігіңізді беріңіз және ақша қаражаты алынатын телефон нөмірін айтыңыз;
  3. «mobiMoney» қысқа нөмірден осы телефон нөміріне растау коды бар SMS-хабарлама алыңыз;
  4. «Қазпошта» АҚ Операторына растау кодын және алынатын соманы айтыңыз;
  5. Оператор растау кодын тексергеннен кейін қолма-қол ақшалай қаражатты алыңыз.

Алу үшін комиссияны ескере отырып, алуға болатын ең аз сома 1 000 теңге, ең көп сома 96 154 теңге. Бір нөмірден немесе бір клиенттен ақшаны алу үшін ай сайынғы лимит 100 АЕК (226 900 теңге).

Операция бойынша комиссия алған соманың 4% құрайды, ең төменгі комиссия — 150 теңге.

Қызметтің толық сипаттамасы mobimoney.kz төлем қызметінде көрсетілген.