Баспа орталығы
4 қаңтар 2018

«Кселл» серіктестігі «Білім беру интернет» қызметін іске қосты

Балалардың құқықтары мен денсаулығын Интернеттегі жағымсыз ақпараттан қорғау мақсатында, «Кселл» АҚ Kcell және Activ абоненттеріне мобильді құрылғы арқылы ҚР Ақпарат және байланыс Министрлігі ұсынған сайттардың нақты тізіміне қолжетімділікті қамтамасыз ететін «Білім беру Интернет» қызметіне қосылуды ұсынады.

«Білім беру интернет» веб-фильтрация функционалымен қоса істейді, сондықтан абонентке осы қызметтің тізімдемесінде ғана бар сайттар мен мобильді қолданбаларға қолжеткізу ашық болады. Қызмет, абоненттік құрылғы серіктестіктің жүйесіне қосылғанда, ұсынылады. Мобильді құрылғы бекітілген Интернет, Wi Fi, сондай-ақ үшінші тарап Интернет-провайдерлерінің интернетке кіру нүктелеріне қосылған кезде қол жетімді болмайды. Абоненттерге қосылу үшін ca. activ. kz сілтеме бойынша орналасқан қауіпсіздік сертификатын жүктеп алу керек.

«Білім беру интернет» қызметін қосқан абоненттердің кіретін және шығатын интернет-трафигі олар орнатқан тарифтерге сәйкес бағаланады.

Қызметті 727 қысқа нөміріне кез келген мәтінмен немесе * 727 # USSD пәрменімен бірге SMS жолдау арқылы қосуға болады.

«Білім беру интернет» қызметі тәулігіне 10 (он) теңге, ҚҚС есебімен абоненттік төлемнің табысты алынған кезінде ұсынылады.