Баспа орталығы
8 қаңтар 2018

Шамамен 2 млн. ГБ және 200 млн. қоңырау — жаңа жылдық мерекелер кезіндегі «Кселл» желісінің нәтижесі

2018 жылдың тек алғашқы сағатында Kcell мен Activ абоненттері 30 мың ГБ астам интернет-трафигін пайдаланды. Бұл көрсеткіш 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37% жоғары. Трафиктің жалпы көлемінің 40%-ы тек 4G / LTE желісінде ғана пайдаланылған.

Жаңа жылдың алғашқы сағатында «Кселл» компаниясының абоненттері шамамен 12 миллион қоңырау шалып, шамамен 450 мың SMS жіберді. Өткен жылмен салыстырғанда қоңыраулар саны 14% -ға, ал SMS-тың саны 28% -ға төмендегенін атап өткен жөн.

«Жаңа жыл қарсаңында „Кселл“ компаниясының 60-тан астам инженерлері мен сарапшылары ұялы байланыс желісін бақылау мен мониторингін жүргізді, сондай-ақ провайдерлермен және жорық мердігерлермен тікелей байланыс жасады. Бұл үлкен жүктемеге төтеп беруге көмектесті, Ал біздің компаниямыздың абоненттері өздерінің туыстарына мерекелік тілектер мен құттықтаулар жібере алды. „Кселл“ компаниясының желісінде өткен жылмен салыстырғанда интернет-трафиктің өсуі байқалады. Деректерді төртінші буын желісінде беру үш есе өсті. Бұл өсім әр абонент орташа есеппен алғанда мобильді интернетті және ауыр контентті пайдаланатындығымен байланысты», — деді «Кселл» АҚ коммуникация бөлімінің бастығы Наталья Еськова.

Жаңа жыл қарсаңында интернет-трафиктің жалпы көлемі 556 мың ГБ болды, оның 226 мыңы 4G/LTE желісінде ғана пайдаланылды. Төртінші буын желісінде өткен жылмен салыстырғанда 64%-ға артты. 31 желтоқсандағы және жаңа жылдың бірінші сағаттарында табысты қоңырау шалу пайызы 99%-дан жоғары деңгейде болғанын айта кету керек.

Жаңа жылдың 31 желтоқсанынан 2 қаңтарға дейін Kcell және Activ абоненттері 1,9 млн. Гб-тан астам пайдаланып, 209 миллионнан астам қоңырау шалды.

Около 2 млн. ГБ и 200 млн. звонков — результаты работы сети «Кселл» за новогодние праздники

Только за первый час 2018 года абоненты Kcell и Activ использовали более 30 тыс. ГБ интернет-трафика. Это количество на 37% выше, чем за аналогичный период в 2017 году. Около 40% из общего объема трафика было использовано только в сети 4G/LTE.