Баспа орталығы
13 наурыз 2018

Digital Life 3.0: Қауіпсіздік және білім беру мазмұнының бағыты

Қазақстан оқушылары білім беру мазмұнына үлкен қызығушылық танытады. Бұны DigitalLife 3.0 жобасының ақпан айындағы шеберлік сыныптарының нәтижесі көрсетті. Жылдың ең қысқа айларында Қазақстан бойынша 9 тегін тренинг өткізілді. Оған барлығы 253 адам қатысты.

«Мобильді білім» шеберлік сыныптары Ақтау, Атырау және Петропавл қалаларында өтті. Ақтауда көптеген қатысушы тегін оқытудың жоғары деңгейде болғанын атап өтті. Атырау мектептерінің оқушылары Openu.kz порталында тегін робот техникасы курсы бар екенін және мобильді қосымшалар арқылы робот техникасын үйренуге болатынын біліп қуаныштарын жасырмады. Балалардың көңіл көтеретін мазмұндағы емес, білім алу бағытындағы шараларға қызығатыны қуантады. Бұған Петропавлда өткізілген шеберлік сыныптары дәлел. Бұл тренингке дейін көптеген оқушы мобильдік қосымшалар арқылы қажетті білім алуға болатынын білмеді. Олар химия, бағдарламалау және мобильді қосымшаларды әзірлеуге арналған қосымшаларға аса қызығушылық танытты.

Семейде, Таразда, Алматы мен Астанада «Мобильді қауіпсіздік» тренингі болып өтті. Бұл тақырып бойынша тренингке барлық қалада тыңдаушылар көп жиналады. Мысалы, Астанада 30-ға жуық ата-ана келеді деп күтілді, бірақ 50-ден астам адам келді. Семейде ата-аналар GPS-сағатқа өте қызығушылық танытты. Қатысушылар, тіпті өздерін озық пайдаланушы ретінде санайтындар да өздері үшін көптеген жаңа және пайдалы нәрселерді үйренді. Алматыда тренинг өтініш көп болғандықтан екі рет қазақ тілінде өтті.

«Бизнеске арналған SMM» шеберлік сыныптары Талдықорған мен Шымкентте болды және тек бизнес өкілдерін ғана емес, Алматы облысының баспасөз қызметінің де назарын аударды. Тренингтер аяқталғаннан кейін де қатысушылармен кері байланыс орналастырылды. Тренерлердің сөздері бойынша тындаушыларға сараптама өте маңызды да құнды. Айте кетсек Талдықорғандағы тренинг қазақ тіліднде өтті.

DigitalLife 3.0 бағдарламасы Қазақстанның ірі қалаларында күнделікті өмірде пайдалану үшін смартфон мен мобильді технологияларды тиімді пайдалану бойынша тегін шеберлік сабақтарын жалғастырады. Жоба үшінші жыл қатарынан «Кселл» компаниясы тарапынан «E-event» агенттігімен бірге жүзеге асырылуда. Шеберлік сыныптарының кестесін http://www.e-event.kz/master-klassy-po-mobilnoj-gramotnosti-v-marte/ сайтынан және әлеуметтік желілерде Kcell және activ беттерінен табуға болады. Қосымша ақпарат телефоны: + 77017952396