Баспа орталығы

«Кселл» компаниясы LTE-роумингті қосты

«Кселл» компаниясы төртінші буынның желілерінде әлемнің 17 елінде LTE-роумингті іске қосты. Шетелде LTE-роумингті Kcell әрі Activ абоненттері ретінде пайдалана алады.

Қазіргі уақытта Kcell және Activ клиенттері үшін LTE-роуминг Австрия, Албания, АҚШ, БАӘ, Вьетнам, Германия, Иран, Испания, Италия, Канада, Қырғызстан, Макао, Оңтүстік Корея, Ресей, Румыния, Сингапур, Тайланд, Чехия бағыттарында қолжетімді.

«Абоненттер үшін біздің қызметтеріміз барынша қолайлы болғандығы бізге өте маңызды. Сондықтан да LTE-роумингті қосу үшін, біз қазақстандағы ең танымал бағыттарды таңдадық. Қосудың ең жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін, біз, көптеген елдерде бірден бірнеше операторлармен жұмыс істейміз. Біздің мақсатымыз, елдің географиясын кеңейту және біздің абоненттер саяхаттайтын жерлерде 4G/LTE жылдамдығына мүмкіндікті ұсыну» - деп «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры Арти Отс түсініктеме жасады.

Шетелде LTE роумингті қолайлы қолдану үшін Kcell абоненттері роумингте 300 МБ бастап 1,5 ГБ дейін 10-күндік интернет-пакеттерін немесе қоңыраулар мен SMS, интернетке 1 МБ/мин\хабарлама үшін 59 теңгеден бастап еркін сөйлесу үшін Kcell Travel қызметін пайдалана алады.

Activ абоненттерін, пайдаланушылардан жағымды пікірлер келіп түскен «Серфинг&raquo: және «Супер Роуминг» акциялық қызметтері қызықтыруы мүмкін.

«Бұл біздің компанияның ең маңызды басымдығының бірі болып саналады. Біз, 2016 жылы төртінші буынның желісін ұйымдастырдық, 2017 жылғы желтоқсанда оның өтеуі Қазақстан халқының 49% құрайды, ал Kcell/Activ желісіндегі жалпы трафигінен 40% пайызы 4G/LTE тиесілі. Осы жылы еліміздің ірі қалаларында енгізу арқылы оның дамуын жалғастырамыз, сондай-ақ біздің клиенттердің шетелде саяхаттау және бинес-сапарларында жоғары жылдамдықты 4G-интернетке мүмкіндік арқылы олардың мүмкіндіктерін кеңейтеміз» - деп қосты Арти Отс

Абоненттің мобильді құрылғысын LTE желісіне қосу үшін аталған байланыстың стандартын қолдау, сондай-ақ 4G/LTE қолдауымен SIM-карта болуы керек. SIM-картаның талапқа сай болуын тексеру үшін абонент *256# және қоңырау шалу батырмасын тереді, аталған байланыспен оның картасы байланысты екендігі туралы оған ақпарат түрінде кері хабарлама келеді.

Kcell абоненттері үшін роуминг қызметі туралы қосымша ақпарат осында, activ клиенттері үшін осында.