Баспа орталығы
4 сәуір 2018

«Кселл» клиенттерінің өз-өзіне қызмет көрсетуінде жасанды ақылды падаланғаны үшін марапатқа ие болды

«Кселл» компаниясы «Хрусталь гарнитура»* байланыс-орталықтарды атаудың беделді бағдарламасында «Клиенттердің өз-өзіне қызмет көрсетуінің ең үздік тәжірибе» номинациясында жеңді. Жеңіске виртуалдық дауыс роботтары Жанна мен Камила жетті.

«Кселл» үшін бұл үшінші хрусталь мүсіншесі. 2016 жылы «Кселл» екі номинация - «Клиенттердің өз-өзіне қызмет көрсетудің ең үздік тәжірибесі» компания сайтының виртуалды мәтін кеңесшілері үшін және «Әлеуметті жүійелерде клиенттерге қызмет көрсетудің ең үздік тәжиребесі» бойынша жеңді

2018 жылы «Кселл» қазылар алқасына жасанды ақыл бойынша клиенттерге қызмет көрсету жүйесін көрсетті. Виртуалды кеңесшілер Жанна мен Камила Қазақстандағы алғашқы роботтар болып табылады, олар тірі сөйлеуді таниды және өздерінің білім базасында клиенттермен диалог жүргізеді. Роботтар абоненттерге жиі туындайтын сұрақтар бойынша көмек көрсетеді және тарифтік жоспарлар, компания қызметтері, теңгерім, келісім-шарттық телефондар туралы кеңес береді.

Бұл тәсіл шақыру орталығын және ондағы адамдардың жұмысын босатады. Операторлар абоненттердің стандартты емес мәселелерін шешуге және компанияның қызметтері бойынша кеңестерге көп уақыт жұмсайды.

Жанна мен Камиланың тиімділігін сандар дәлелдейді. Байланыс орталығында жоғалған қоңыраулар саны 3 есеге төмендеді. Сонымен бірге операторлармен байланыс жасау үшін 1 минуттан аз уақытты күткен абоненттер саны 35% артты. Роботтар тиімділігінің маңызды көрсеткіші - бұл бірінші қоңыраудан тұтынушылар сұранысын шешу, қазір ол 52%-дан жоғары. Жасанды ақыл, сондай-ақ қарапайым интерактивті дауыстық мәзірмен салыстырғанда компания қызметтерін сатуға көмектеседі, робот арқылы сату 50%-дан астамға өсті.

«Сандық құралдармен клиенттерге қызмет көрсетуді жетілдіру компанияның диджитал-түрлену кезеңдерінің бірі болып табылады. Біз бизнес процестерін автоматтандырудамыз және адам мен жасанды ақылдың үйлесімді әрекеттесуімен шабыттанамыз. Біздің робот кеңесшілеріміз Жанна мен Камила «Хрусталь гарнитурасы» байқауының сарапшылары жоғары бағаға ие болғанына қуаныштымын. Бұл дегеніміз, жасанды ақылды тұтынушының өз-өзіне қызмет етуінде пайдалану дағдылы шындыққа айналады дегенді білдіреді. Роботтар қызмет ете алады, олар тіпті сервис шешімі іске қосылғаннан кейін біздің желімізде сата алады және тіркелген NPS тұтынушыларының адалдығы индексін тіпті арттыра алады», - деді «Кселл» компаниясының бас директоры Арти Отс.

*«Хрусталь гарнитурасы» 2005 жылдан бастап үздік байланыс орталықтарына беріледі. Биылғы жылы конкурсқа Ресей, Украина, Қазақстан және Беларусьтен 100-ден астам байланыс орталықтарынан 300 үміткер қатысты.