Баспа орталығы
3 мамыр 2018

Kcell «AlmatyTechCup - 2018» робот техникасы және инновациялық технология республикалық Чемпионатына қолдау көрсетті

28-29 сәуірде Алматы қаласында мектеп оқушылары мен студенттер арасында жыл сайын өтетін Робот техника және инновациялық технология бойынша республикалық ашық чемпионат өтті. Ең кіші қатысушының жасы 6-да, ал ең үлкені 21 жаста. «Кселл» компаниясы тағы да конкурстың серіктесі болды.

Чемпионатқа бүкіл Қазақстаннан барлығы 315 команда қатысты.

Өткен жылғыдай Чемпионат «Инжинирингтік жобалар», «Бағдарламалық жобалар», Таиландтағы WorldRobotOlympiad-дағы аймақтық іріктеу кезеңдері және «Роботпен күрес» секциялары бойынша өтті.

Робот – ишарат білдіру арқылы сөйлесе алатын қол, smart – кеңістік барынша оңтайландырылған киіз үй, жетуі қиын жерлерге өрт сөндіруге баратын басқарылатын машина – бұлар Чемпионатта ұсынылған жобалардың ең аз бөлігі. Кейбір қатысушылар өздерінің өткен жылдағы жұмыстарын жетілдіріп, биыл да бақтарын сынап көруге талпыныс жасады.

Екінші күні, дәстүр бойынша марапаттау рәсімі алдында қатысушылар әділ қазылар алқасы мүшелерінің мотивациялық дәрістерін тыңдауға мүмкіндік алды.

Екі күннің қорытындысы бойынша судьялар әр номинация бойынша үздіктерді анықтап, конкурстың демеушілері мен серіктестері атынан сертификаттар мен естелік сыйлықтар тапсырды. Ал, басты жүлде - Алматы қаласы әкімінің кубогы Алматының Химиялық-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне берілді. Жоғары сынып оқушылары «Greenwheel» экологиялық жобаны, қала жолдарында диагнозды дереу смартфон мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесіне бағыттайтын құрылғы ұсынды.

«Робот техникасы және инновациялық технологиялар бойынша чемпионатқа қолдау көрсету жақсы дәстүрге айналды. Жыл сайын алаң біздің қоғамның дамуына үлес қосқысы келетін балалар мен жасөспірімдерді көбірек тарту үстінде. Бұл байқау балаларды өнертапқыштыққа, баулып, жаңалыққа  ұмтылдырады, бұл өте маңызды. Біз он жылдан кейін осы балалардың бүкіл әлемде пайдалы әрі серпінді инновациялық жобаларды дамытатынына сенімдіміз», - деп атап өтті «Кселл» АҚ коммуникациялар бөлімінің бастығы Наталья Еськова.

 «Кселл»  «Баршаға арналған білім» стратегиясының КӘЖ шеңберінде тұрақты түрде студенттік және мектеп конференцияларына, олимпиадаларға және чемпионаттарға қатысу арқылы еліміздің интеллектуалдық әлеуетін дамытуға бағытталған жобаларды қолдайтынын атап өту керек.