Баспа орталығы
30 мамыр 2018

«Кселл» компаниясы Mobi сандық мобильді контентінің экожүйесін шығарады

Mobi қызмет көрсету желісіне екі жыл толды. Қазіргі таңда оған кітаптар, музыка, кино, сериалдар, журналдар және мобильді қаржылық қызметтер кіреді. Жарты миллионнан астам Kcell мен Activ абоненттері аталмыш қызметтерді сәтті пайдалануда.

«Кселл» АҚ-ның басты атқарушы директоры Арти Отстың сөзіне сүйенсек, Mobi желісі пайдаланушылардың әдеттерін өзгертеді. «2016-шы жылдың ақпан айында біз толығымен пираттық контентті қолдану арқылы нарыққа алғашқы рет шыққан едік. Осы екі жыл ішінде біз ең бастысына жеттік: мобильді контенттің пайдаланушылары үшін сапалы әрі заңды контентке ақша төлеу әдетке айналды. Себебі бұл пайдаланушыға барлық жағдайды жасайды. Біз абоненттеріміз сүйіп тыңдайтын, қызығушылықпен оқитын және қарайтын контентті оларға қол жетімді, ыңғайлы жасадық. Біз артық, мазаны алатын, назарды алаңдататын жарнамалық және ақпараттық шуды алып тастадық. Осы жаңа қызмет арқылы пайдаланушылар тек қажетті, маңызды ақпаратты тыңдап, көріп, рақаттана алады», - деді Арти Отс.

Бүгін «Кселл» компаниясы еліміздегі ең ірі сандық мобильді контенттің экожүйесін шығарады. Mobi желісіне қазір барлық ірі қазақстандық телеарналар, Megogo видеоқызмет серіктестігімен көрсетілетін танымал фильмдер, Amediateka Home of HBO ұсынатын сүйікті сериалдардың премьералары және Bookmate ұсынған (қазақ тілді әдебиетті қосқанда) мыңдаған кітаптар кіреді. Сондай-ақ Mobi-де танымал қазақстандық және әлемдік әндерді, 70 танымал журналдардың мыңдаған шығарылымын тыңдап, оқуға болады.   

Өткен жылдың жазында Mobi желісіне қазіргі таңда 150-ден астам серіктестерді біріктірген мобильді қаржылық қызметтер кірді. Оның ішінде көлік тұрақты төлеу, қоғамдық көлікте жол ақысын төлеу, Alseco арқылы коммуналды қызметтерді төлеу және басқа да тауарларды сатып алу, төлеу қызметтері бар. Ал өткен жылдың қазан айынан бастап Activ абоненттерінде Қазақстан бойынша «Қазпошта» АҚ-ның үш мыңнан астам бөлімдерінде мобильді номірлерінің дербес шотынан ақшаларын түсіріп алу мүмкіндігі пайда болды.

Mobi жүйесінің ойын-сауық қызметінің пайдаланушылары қазақстандық контентті ұнатады. Қызметтің іздеу бойынша сауалдар тізімінде pop-музыкасы, рэп, хип-хоп және қазақстандық әуендер аса танымал. Mobi Music қызметінде қазір 395 қазақстандық орындаушылардың әндері бар. Олардың ішінде ең танымал үштікті Ерке Есмахан, Қайрат Нұртас және Қанат Үмбетов құрап отыр. «Хит-парад казахстанской музыки» шеруі «Хит дня» мен іріктеп алынатын «Домашний уют»-пен бірге ең танымал үш плейлисттерге кіреді. «Кселл» компаниясының деректеріне сенсек, орта есеппен алғанда Mobi Music қызметінің бір пайдаланушысы күніне 43 ән тыңдайды немесе музыкаға екі сағат жұмсайды екен. 

Mobi TV қызметінің жазылушылары көбінесе сериалдар, реалити-шоу және жаңалықтарды көргенді қалайды. Отандастарымыздың арасында ең танымал шоу ол «Қалаулым» және «Кухня» сериалы. Сонымен қатар қазақстандықтар «Еуразия бірінші телеарнасы» мен «31 арнаны» көп көреді.

Bookmate электронды кітапханасының жазылушылары арасында психология мен өзін-өзі жетілдіру әдебиеті танымал. Алайда соңғы айдың ең танымал кітаптары австралиялық жазушы Грегори Дэвид Робертстің «Шантарам» романы және израильдік профессор Юваль Ной Хараридің «Sapiens: Краткая история человечества» жұмысы болды. Орта есеппен алғанда «Кселл» абоненттері «кітапханада» күніне 66 минут өткізеді. Олар кітаптарды көбінесе iPhone 6 смартфонының көмегімен оқиды. 

Mobi Kino қызметінің жазылушысы фильмдер мен сериалдарды көруге шамамен айына 180 минут уақытын жұмсайды. Оған оның 3 ГБ-тан астам трафигі кетеді. «Игра престолов», «Мир дикого запада» және «Маша и медведь» мультфильмі аталмыш қызметтің жазылушылары арасында ең танымал бейне-контенті.

«2017-ші жылы біздің ең басты өсуіміз сандық контент, деректерді тапсыру және пакетті тарифтердің арқасында болды. Қосымша қызметтердің кірісі тек өткен жылды ғана санағанда 5,26% (немесе 9,837 миллион теңгеге) көбейді. Біз көріп отырғандай, Қазақстанның телеком нарығында ең маңызды әрі өзгерісті кезең келді. Біз дыбысты байланыстан деректерді тапсыруға көштік. «Кселл» компаниясы осы салада жетекші болып, өзгерістерді дұрыс бағыттап, сандық операторға ауысып, сандық контентті белсенді жетілдіру үстінде. Бұл нарыққа және біздің абоненттерге қазіргі таңда шынымен қажетті дүние», - деп білдірді Арти Отс.