Баспа орталығы

«Кселл» «Алматы марафонының» коммуникациялық серіктесі атанды

Сегізінші «Алматы марафоны» бұрынғыдан да ауқымдырақ болады — онда Қазақстанның 17 өңірінен және әлемнің 53 елінен 17 мың жүгіру әуесқойлары қатысады. «Кселл» компаниясы осы ауқымды шараның коммуникациялық серіктесі болды және ұйымдастыру комитетіне байланыс және мобильді интернет қызметтерін ұсынды.

Қайырымдылық «Алматы марафоны» қала үшін дәстүрлі көктемгі іс-шараға айналды. Сегіз жыл ішінде ол 2,5 мыңнан 17 мың қатысушыға өсті, ал Бостон, Амстердам, Нью-Йорк және 120 елдегі басқа жаппай жүгірулермен қатар, 2013 жылы AIMS марафондар мен жүргірулердің Халықаралық ассоциациясына кірді.

Орталық Азиядағы ең ірі жүгіру жарысы 21 сәуірде өтеді. Оның қайырдылыққа бағытталған мақсаттары бар. Марафон қатысушылары тіркелу алымын төлейді, ол әртүрлі әлеуметтік жобаларға бағытталады. Былтырғы жылы іс-шараның ұйымдастырушысы — «Бірінші болу ерлік» корпоративтік қоры жиналған қаражаттың 16 млн теңгесін Есік қ. мектеп-интернатындағы балалар хосписінің спорт алаңдарын жабдықтауға және интеллектуалдық ақауы бар балаларға арналған мектеп-интернатқа жіберілді. Осы жылы қор Алматы қаласының үш әлеуметтік балалар мекемесіндегі спорт инфрақұрылымының құрылысы үшін 26 млн теңге бөлуді жоспарлап отыр.. Қордың қайырымдылық жоспарлары туралы толығырақ осында білуге болады

«Алматы марафонының» қатысушылары балалар спорт алаңдарын салуға көмектесу үшін, сондай-ақ жеңіс мәресінде өздері ұмытылмас әсер алу үшін жүгіреді. Марафонның ең қысқа ара қашықтығы —балалар үшін небәрі 3 км, ең ұзыны — 42 км 195 метр. Ең танымалы — 10 км, осы жылы оған 9 мыңға жуық адам жүгіреді. Марафонның техникалық серіктесі ретінде «Кселл» компаниясы SIM-карталар және бағыттардағы аралық және соңғы нәтижелерді тіркейтін, хронометраждың электрондық жүйесі үшін мобильді интернет ұсынды.

Марафон өткізілетін күні Алматы қаласының кейбір көшелері жабылады. Activ абоненттері, SMART жарнамалық бағдарламасының қатысушылары үшін «Кселл» жолдардың жабылуы туралы ақпараттық хабарламалар жіберді. Бұл олардың жексенбідегі өздерінің қозғалыстарын алдын ала жоспарлауға көмектеседі.

Марафон — бұл тек жүгіру әуесқойлары үшін ғана емес, сондай-ақ өздерінің жақындарын қолдауға келетін жанкүйерлер үшін де мейрам. Олар достары мен туыстарын мәреде күтіп тұрған кезде, «Кселл» компаниясы оларға бес Huawei P20 PRO смартфондарының бірін ұтып алу мүмкіндігін ұсынатын болады. Ұтыс ойыны шарттары осында.

«„Кселл“ техникалық мүмкіндіктері „Алматы марафонындағы“ біздің серіктестерге осы маңызды спорттық іс-шараны ұйымдастыруға көмектесетініне қуаныштымыз, — дейді „Кселл“ АҚ PR менеджері, Наталья Еськова. — Бұл маңызды және әрқайсымызға түсінікті— спорт, қайырымдылық, бірлік секілді мақсаттары бар іс-шара. Марафон біздің қоғам үшін өте маңызды трендтер — ол әлеуметтік-белсенді мәдениеттің дамуын және салауатты өмір салтын ұстануды қалыптастыратынына сенімдімін. Біздің компания бұл іс-шараны тек серіктес ретінде емес, қатысушы ретінде де қолдайды. Жүз „Кселл“ қызметкері өздерінің әртүрлі ара қашықтықтардағы шыдамдылықтары мен күш-жігерлерін сынау үшін тіркелді. Мен барлық қатысушыларға ашық-жарқын сезімдер мен тамаша нәтижелер және жанкүйерлерге керемет көңіл-күй тілеймін».

Mobi music музықалық қосымшасын пайдаланушылар үшін арнайы «Кселл» компаниясы Алматы Марафоны үшін музыкалық топтаманы жасады. Плейлист екі сағатқа созылады — осы уақытта 10 км-ге және 21 км-ге ара қашықтықты аяқтауға болады.

«Алматы Марафоны» туралы қосымша ақпарат https://www.almaty-marathon.kz сайтында.