Баспа орталығы

Ксеll Орталықтары абоненттерге қызмет көрсетудің жеті күндік кестесіне көшеді 

Бүкіл Қазақстан бойынша «Кселл» компаниясының қызмет көрсету орталықтары клиенттерге ыңғайлы болу үшін енді жексенбі күні де жұмыс істейтін болады.

Осы жылдың 1 мамырынан бастап бүкіл Қазақстан бойынша 20 Kcell орталығы жаңа жұмыс кестесіне көшеді. Енді Kcell және Activ абоненттері барлық қажетті қызметтерді жексенбі күні де ала алады. Жексенбі күндері абоненттерге қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақыты сенбі күнгі сияқты: 9.00-ден бастап 18.00 дейін.

«Біздің абоненттерімізге сервистік қолдаудың жоғары деңгейі „Кселл“ үшін басты басымдық болды және болып қала береді. Жыл сайын абоненттерді қолдау орталықтары 1,5 миллионнан астам адамға қызмет көрсетеді — бұл дегеніміз күніне 5 мыңға жуық клиент. Біз өзіміздің қызмет көрсету нүктелеріміздің жұмысын жетілдіру үшін барлық абоненттердің ұсыныстарына мұқият талдау жасаймыз. Бүгін біз компания клиенттерінің қанағаттану деңгейін арттыру үшін тағы бір маңызды қадам туралы хабарлауға қуаныштымыз. Kcell Store дукендерінен кейін біз барлық Кселл Орталықтарын алты күндік жұмыс кестесінен жеті күндік жұмыс кестесіне ауыстырдық. Бұл бастама абоненттеріміздің күнделікті өмірі үшін барынша ыңғайлы және жайлы режимде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті «Кселл» АҚ сату және қызмет көрсету департаментінің директоры Қазбек Шаимов.

Kcell орталықтарында Kcell және Activ абоненттері SIM—картаны ауыстыру, нөмірді тіркеу және қайта ресімдеу, тарифтік жоспарды ауыстыру, қызметтерді қосу немесе ажырату, нөмірді бұғаттау және бұғаттаудан шығару мәселелері бойынша қызмет көрсетуді ала алады. Компанияның білікті қызметкерлері Kcell мен Activ арасында немесе басқа операторлардан абоненттік нөмірді көшіруге көмектеседі, шот дерегін береді, интернет-қызметтер мен қосымшалардың баптауларын, сондай-ақ кредиттік лимитті қосу немесе өшіруді орындайды және шартты бұзу кезінде кеңес береді.

2014 жылдан бастап Kcell Орталықтарынан абоненттер тиімді шарттар бойынша бөліп төлеу арқылы және қызметтер топтамасы қосылған байланыс телефондарын сатып ала алады. Қазақстан бойынша барлық Kcell Орталықтарының мекенжайларының тізімін мына сайттардан табуға болады: www.kcell.kz және www.activ.kz.

Компания қашықтағы қызмет көрсету арналарын MyKcell және MyActiv мобильді қосымшалары арқылы, kcell.kz және activ.kz сайттарындағы, Telegram және WatsApp чат-боттар арқылы белсенді дамытады. Өткен жылы «Кселл» байланыс орталықтарын номинациялаудың беделді бағдарламасында клиенттерге ең жақсы қызмет көрсету тәжірибесі үшін «Хрусталь гарнитурасының» иегері атанды. 2016 жылы компания әлеуметтік желілерде клиенттерге үздік қызмет көрсеткені үшін «Хрусталь гарнитурасын» алды.