Баспа орталығы

Бірыңғай жиынтықты төлемді абоненттік нөмір теңгерімінен төлеу Kcell және activ абоненттеріне қолжетімді болды

«Кселл» АҚ өз абоненттеріне абоненттік нөмірлерінің теңгерімінен бірыңғай жиынтықты төлемді (БЖТ) төлеу мүмкіндігін ұсынды.

БЖТ төлеу үшін Kcell және activ абоненттеріне 5505 нөміріне kalaesp (қала тұрғындары үшін) немесе aulesp (ауылдық жер тұрғындары үшін) сәйкестендіргіштерімен және ЖСН нөмірімен SMS жіберсе болғаны жеткілікті. 5505 нөміріне SMS жібергеннен кейін, төлемді растауға сұраныс келіп түседі.

«Бүгін біз тағы бір маңызды қадам жасадық, бұл қадам мемлекетке „Цифрлық Қазақстан“ атты аса маңызды және ауқымды бағдарламаны іске асыруда септігін тигізеді. Абоненттік нөмір теңгерімінен бірыңғай жиынтықты төлемді төлеу мүмкіндігін іске қосу бұны жылдам және қауіпсіз жасауға жол ашады және елдің билігіне бюджетті толтырудың ыңғайлы және тиімді құралын ұсынады. Мобильдік қаржы қызметтері біздің клиенттерімізге 2016 жылдан бастап қолжетімді. Kcell және activ абоненттері mobimoney.kz сайтында 200-ден астам қызмет түрлерінің ақысын төлеп келеді, бұл — коммуналдық шоттар, тауарларды, билеттер мен т.б.көптеген заттарды интернеттен сатып алу. Сондай-ақ, абоненттер абоненттік нөмір теңгерімінен қоғамдық көлікте жүру ақысын, муниципалдық тұрақтар мен ақылы автокөлік жолдарымен қозғалу ақысын SMS-пен төлей алады. Клиенттеріміздің өмірін едәуір ыңғайлы және жайлы ету үшін, біздің компаниямыз мобильдік құрылғылар саласындағы инновациялық қызметтерді нарыққа шығаруды жалғастыратын болады. Келесі қадам ретінде біз теңгерімнен айыппұлдар мен басқа да салық түрлерін төлеу мүмкіндігін енгізуді жоспарлап отырмыз» — деп атап өтті «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры Каспарс Кукелис.

Өз бетінше жұмыс жасайтын тұрғындар үшін бірыңғай жиынтықты төлем Қазақстанда 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылып келеді. Оны жеке кәсіпкер ретінде тіркелусіз өз қызметтерін басқа жеке тұлғаларға ұсынатын жеке тұлғалар төлейді. Бұл —автокөліктерді шағын жөндеу, өзінің тұрғын жылжымайтын мүлкін жалға беру, өзінің ауыл-шаруашылық өнімдерін сату және т.б.секілді қызметтер. Бұл ретте осындай қызметтен түсетін кіріс сомасы бір күнтізбелік жыл ішінде 1175 АЕК-тен (2 966 875 теңге) аса алмайды.

2019 жылы астаналар мен облыстық және республикалық маңыздылықтағы қалалардың тұрғындары үшін БЖТ ай сайынғы мөлшері 1 АЕК немесе 2 525 теңге құрайды. Басқа елді мекендердің тұрғындары үшін — 0,5 АЕК немесе 1 263 теңге құрайды.

БЖТ төлеу үшін 5505 қысқа нөміріне мәтін қамтитын SMS жіберіңіз. Мысалы:

  • Kalaesp 123456789012
  • Aulesp 123456789012

Бұл жерде: Kalaesp немесе Aulesp — сәйкестендіргіш, 123456789012 — ЖСН.

Сәйкестендіргіш ретінде мыналарды қолдануға болады:

  • қала тұрғындары үшін — Кала_есп, Кала-есп, Калаесп, кала_есп, кала-есп, калаесп, Kala_esp, Kala-esp, kala_esp, kala-esp, kalaesp;
  • ауылды жер тұрғындары үшін — Aul_esp, Aul-esp, Aulesp , aul_esp, aul-esp, aulesp , Аул_есп, Аул-есп. Аулесп, аул_есп, аул-есп, аулесп.

SMS жібергеннен кейін 5505 нөмірінен төлемді растауға сұраныс келіп түседі, «1» жіберіп төлемді растау керек. БЖТ сомасы мен 10 теңге мөлшеріндегі сыйақы мобильдік нөмір теңгерімінен ұсталып қалады.