Баспа орталығы
1 қазан 2019

«Кселл» мен «Қазақтелеком» бірінші бірлескен конвергентті өнімді іске қосады

«Қазақтелеком» абоненттері «Қазақтелеком» қызметтерінің конвергентті пакетттерін қосқан кезде, енді мобильді байланысын таңдай аласыз! Телефония, үй интернеті және телевидение кіретін «Ultra» пакетінде «Қазақтелекомнан» «Базалық» және «Максималды» activ тарифтік жоспарлары қол жетімді

Конвергентті қызметтер пакеті шеңберінде Қазақстанның тұрғындары кейіннен төлем жасау шартымен «Қазақтелекомнан» байланыс қызметі үшін бірыңғай шоты болу мүмкіндігін алады. Абонентке енді теңгерім туралы уайымдаудың қажеті жоқ. Ол «Жабық профиль» опциясының көмегімен өзінің шығындарын бақылай алады.

«Ultra» қызметтер пакеті тиімді келесімшарттық талаптар ұсынады, оған лимитсіз үй интернеті, жүздеген телеарналар, ай сайынғы көлемі Kcell/activ желісі ішіндегі қоңырауларға шектеусіз минуттар, 1500 минут Қазақстан ішінде қалалық нөмірлерге, 1500 минутқа дейін Алтел/Теле2 операторларына, 60 минутқа дейін Beeline операторларына, сондай-ақ 30 ГБ дейін мобильді интернет — activ ұялы байланысы кіреді.

2020 жылғы 15 қаңтарға дейін осы тарифтік жоспарларда кең тараған әлеуметтік желілерге «Ultra лимитсіз» науқаны әрекет етеді. Науқан шеңберінде әлеуметтік желілердің мобильді қосымшалары арқылы әлеуметтік желілерге шығу және мобильді интернетпен теңгерім оң болу шартымен, Youtube, WhatsApp, Instagram, Facebook, Вконтакте, Одноклассники, Telegram және IMO қосымшаларына кіру тарифтелмейді.

«Бүгін біздің Компания үшін маңызды күн. Біз „Қазақтелеком“ АҚ тобымен ымыра шеңберінде бірінші конвергентті өнімді іске қосамыз. „Қазақтелекомнан“ „Ultra“ пакеттеріндегі „Базалық“ және „Максималды“ тарифтік жоспарлары activ абоненттері үшін су мүмкіндіктер ашады. Қызметтердің конвергентті пакеттері мобильді интернет пен тіркелген байланысты, кең жолақты интернет пен IP-телевидениені бір пакетке біріктіреді. Осылайша, қазақстандықтарда ең көп сұранысқа ие және танымал байланыс және ақпаратқа қол жеткізу қызметтері бір шоттан төленетін болады. Бұл біздің клиенттердің қанағаттану деңгейін арттыру үшін Компанияның тағы бір маңызды қадамы», — деп, Хикматулла Насритдинходжаев, «Кселл» АҚ бұқаралық нарықты дамыту департаментінің директоры пікірін білдірді.

Қызметтердің бірыңғай пакетін қосу «Қазақтелеком» сервис-орталығында жүргізіледі.

Қызметтердің бірыңғай пакеті құрамындағы жаңа тарифтік жоспарлар туралы және қосылу шарттары жөніндегі толығырақ ақпарат «Қазақтелеком» АҚ www.telecom.kz сайтында немесе 160 телефоны арқылы қол жетімді.