Баспа орталығы
7 қазан 2019

«Кселл» смартфондары мен аксессуарларын енді Kaspi Дүкені арқылы сатып алуға болады

Енді «Кселл» АҚ дүкендерінде ұсынылған смартфондар мен аксессуарларды бірнеше минут ішінде онлайн сатып алуға болады.

«Кселл» АҚ Kaspi дүкені арқылы абоненттік құрылғыларға арналған смартфондар мен аксессуарлардың сатылымын бастайды. Тауарларды Kaspi дүкеніндегі кез келген әлеуетті клиенттер сатып ала алады.

Тапсырыс беру үшін клиентке https://kaspi.kz/сайтына кіріп, «Дүкен» бөлімін таңдап, «Телефондар мен гаджеттер» тармағын таңдап, келесі бөлімдердің біріне өту қажет: «Смартфондар» немесе «Телефон аксессуарлары». Содан кейін клиент өнімді таңдап, оның парағына өтеді, онда тауар астында сатушылар тізімі пайда болады және сатушы ретінде Kcell таңдалады. Осыдан кейін Клиент төлем әдісі мен жеткізу әдісін таңдайды*. Тапсырыстың қалпы клиенттерге Kaspi.kz жеке кабинетіндегі хабарламалар арқылы хабарланады.

Kaspi.kz дүкенінде сатып алушы тұратын қаладағы Kcell Center мен Kcell/activ дүкендерінде сатылатын смартфондар мен аксессуарлардың барлық үлгілері ұсынылған. Ұсынылған смартфондар мен аксессуарларды Kaspi дүкенінде 24 айға дейінгі мерзімге бөліп төлеумен және толық құнына сатып алуға болады.

Kaspi дүкенінің онлайн платформасына қол жеткізу — Kcell компаниясы үшін тағы бір маңызды қадам. Екі жақтан да осы бағытта ұзақ және мұқият жұмыс жүргізілді. Енді www.kaspi.kz қолданбасының және сайтының барлық пайдаланушыларында Kcell/activ дүкендерінде ұсынылған смартфондар мен аксессуарларды үйлерінен шықпай-ақ сатып алу мүмкіндігі бар. Сонымен қатар Kcell Қазақстанда бірінші болып флагмандық модельдерді сатуды бастаған бөлшек сатушылардың бірі. «Қазіргі уақытта біз смартфондардың 100-ден астам моделін ұсындық», — деді «Кселл» АҚ Бұқаралық нарықты дамыту департаментінің директоры Хикматулла Насритдинхожаев.

Қосымша сұрақтар бойынша 3030, 9090 Call Center-ге хабарласуға болады.

* Тауарларды курьерлмен алдыруға немесе жеке келіп алып кетуге болады. Қаланың белгілі бір шегінде курьермен жеткізу тегін. Жеткізу 10:00-ден 18:00-ге дейін жүзеге асырылады. Егер тапсырыс сағат 16: 30-ға дейін түссе, жеткізілім сол күні жүзеге асырылады, егер 16:30-дан кейін болса, жеткізу келесі күнге ауыстырылады.