Баспа орталығы
24 қазан 2019

2019 жылдың үшінші тоқсанында «Кселл» барлық негізгі көрсеткіштер бойынша өсуін жалғастырды

Қазақстандағы жетекші ұялы байланыс операторы «Кселл» АҚ 2019 жылдың үшінші тоқсанындағы жұмыс нәтижелері туралы есеп берді.

«Кселл» алдыңғы кезеңнің оң динамикасын көрсетуді жалғастыруда және осы жылдың үшінші есепті кезеңіндегі жоғары өндірістік және қаржылық нәтижелерді көрсетуде. Таза сату 6,1 пайызға артып, 41 121 миллион теңгені құрады (K3 2018: 38 758). Үшінші тоқсанда EBITDA (біржолғы шығындарды есептемегенде) сондай-ақ 34,3 пайызға өсіп, 17 957 миллион теңгені (K3 2018: 13,370) құрады«, — деді Каспарс Кукелис, «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры және Басқарма төрағасы.

Біржолғы шығындарды қоспағанда, компанияның операциялық пайдасы 2019 жылдың үшінші тоқсанында 57,6 пайызға артып, 10 419 млн теңгені құрады (K3 2018: 6 610). Сонымен бірге, таза пайда 10 907 млн. теңгеге дейін өсті (K3 2018: 1,393). Таза пайданың өсуінің негізгі себебі — 5,069 млн. теңге көлемінде салықтарды және соған байланысты айыппұлдарды есептен шығару. Табыстың жақсаруы негізінен топтамалық ұсыныстардағы PAYG тарификациясының жақсаруымен, тартымды жаңа тарифтік жоспарлардың іске қосылуымен, әлеуметтік желілерге шексіз қол жеткізілімнің берілуімен, сондай-ақ қолданыстағы абоненттік базаны өсіп келе жатқан тарифтік жоспарларға ауыстырудың оң үрдісімен байланысты.

«Мәміле жасалғаннан бері біз бірлесіп корпоративтік басқаруды және қаржылық көрсеткіштерді жақсарта адық. Әрине, сапалық өзгерістер абоненттік базаның өсуіне әкелді, демек біздің клиенттеріміз орын алып жатқан процестерде оң өзгерістерді сезінеді. Біз байланыс сапасын, сатудан кейінгі қызмет көрсету және тұтынушылардың қанағаттанушылығын арттыру бойынша жұмысты жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Тағы бір стратегиялық мақсат — елде бірқатар ауқымды жобаларды іске асыру мүмкіндігін арттыратын интеграцияланған деректерді жеткізу желісін құру», — дейді «Қазақтелеком» АҚ-ның Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.

Есептік кезеңде компанияның абоненттік базасы сапалы клиенттерді тарту мен көлемдерге негізделген дистрибуцияны айналып өту стратегиясын іске асыру нәтижесінде 8,4 миллион пайдаланушыны құрады.

«Үшінші тоқсанда ARPU көрсеткіші 19 пайызға өсті, оң үрдіс негізінен топтамалық ұсыныстарды қалайтын абоненттер санының өсуіне байланысты. Қазіргі уақытта олар Компанияның абоненттік базасының жартысынан астамын құрайды. Компания Топтың меншік құрылымындағы, алдыңғы қатарлы технологиялар мен нарықтағы жетекші позициядағы өзгерістерді пайдалануға бағытталған жаңа стратегияға кірісті.

Стратегия клиенттеріміздің барлық сегменттерде, барлық салаларда үнемі өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне жауап беретін әртараптандырылған қызмет портфолиосымен көшбасшылық позицияны сақтауға мүмкіндік береді. Біз телефон сату бизнесін дамыта отырып және деректерді ұсыну қызметін монетизациялауды жетілдіре отырып, Топ ішінде синергетика мүмкіндіктерін анықтауды жалғастырамыз. Сондай-ақ, айтарлықтай өсу үшін айқын әлеуеті бар салаларға, соның ішінде мобильді қаржылық қызметтерге, big data және 5G инфрақұрылымы мен қызметтерін енгізуге „жаңа көзқараспен“ қарауды шештік.

Біз жұмысымыздың көрсеткіштері одан бетер жақсаратынын күтеміз, өйткені біз тиімділікті арттырып, клиенттерге бағытталған инновациялық өнімдер мен қызметтерді дамытуды жалғастырудамыз», — деді Каспарс Кукелис.

Сонымен қатар, B2B сегменті, негізінен бизнес-шешімдерден түсетін түсімнің өсуіне байланысты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,1 пайызға өсіп, табыстың едәуір өсуін қамтамасыз етті. Жалпы кірістегі B2B кірісінің үлесі қазір 12 пайызды құрайды.

Үшінші тоқсанда деректер қызметтерінен түсетін кіріс 18,6 пайызға өсіп, 13 471 миллион теңгені құрады (K3 2018: 11,356). Деректер трафигі 31,3 пайызға өсіп, 81,4 петабайтқа (ПБ) жетті (K3 2018 62.0 ПБ).

Компания туралы

Kcell мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания ҚР-ның бүкіл дерлік аумағын қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.

2012 жылғы желтоқсан айында Kcell Лондон қор биржасында GDR (жаһандық депозитарлық қолхаттарын) және Қазақстан қор биржасында жай акцияларын сәтті орналастыруды аяқтады. Баға бір GDR үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акция үшін 1,578.68 теңге деңгейінде белгіленді, бұл ретте бір GDR бір акцияға сәйкес келеді. Орналастыру Kcell акционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес келетін 50 миллион дана санындағы акцияларды сатуын қамтыды.

2018 жылғы 21 желтоқсанда «Қазақтелеком» АҚ Kcell-дің Telia Company және Fintur Holdings B.V. компанияларына тиесілі 75% акциясын сатып алды.

Алдағы уақытта компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметін ұсыну үшін өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастыруды жоспарлап отыр. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, мобильді байланыс нарығында қызмет көрсетудің жоғарғы стандарттарын қолдауға ұмтылады.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс:

Олжас Бибанов, «Кселл» АҚ коммуникация бөлімінің жетекшісі

+7 701 211 77 77, 8 /7272/582-755, 1905, www.kcell.kz, www.activ.kz, pressa@kcell.kz