Баспа орталығы
10 желтоқсан 2019

«Кселл» мен Samsung Алматыда алғашқы кобренд дүкенін ашты

9-шы желтоқсанда сағат 17.00-де Алматы қаласында DostykPlaza ОССО-да Kcell/activ|Samsung алғашқы кобренді дүкенінің ресми ашылуы өтті,  онда «Байланыс телефоны» акциясы бойынша және толық құны үшін Samsung смартфондары үлгілерінің кең ассортименті ұсынылған.

Заманауи дизайны бар кең және жайлы дүкен сауда орталығының бірінші қабатында орналасқан.

Орталық Азиядағы SamsungElectronics Президенті СангВу Хан ашылу кезінде: «Мен біздің қымбатты Kcell-әріптесімізбен бірінші кобрендті дүкенінің ашылуына өте қуаныштымын. Бұл «Кселл» премиум сервисін бағалайтын ең жақсы орын, арнайы ұсыныстар мен Samsung Galaxy үздік флагмандары. Бұл инновациялық дүкен – болашақ ритейлдің жаңа дәуірі. Samsung «Кселл»-мен бірлесіп эксклюзивті форматтағы стандартты емес шешімдер мен дүкендерді дамытуды жалғастырады» -   деді.

Ашылу құрметіне бірінші сатып алушылар GalaxyFit білезіктерін, «Яндекс Плюс» жылдық жазылымдарын,  шыныны ауыстыру сертификаттарын және 20 ГБ бонустық интернет-трафикті сыйлыққа алады. Сонымен қатар, сатып алушылар үшін Samsung Smart Service фирмалық аймағының болуы артықшылық болады, онда смартфонды сатып алғаннан кейін бірден кеңесшілер барлық қажетті бастапқы параметрлерді жасауға көмектеседі және пайдалану бойынша сұрақтарға жауап береді. Kcell/activ/Samsung дүкенінің алғашқы сатып алушылары Smart Service аймағында телефон дисплейіне қорғаныс пленкасын тегін орнатуға мүмкіндігі бар.

Kcell мен Samsung алғашқы кобренд дүкенінде келушліер кеңесшілерден Samsung смартфондарының түрлі модельдерінің артықшылықтары мен келісімшарттық ұсыныстардың артықшылықтары туралы біле алады, сол жерде оларды сатып алу алдында сынап, стандартты қызметтердің толық спектрін ала алады, мысалы, нөмірді қосу, тарифті таңдау, теңгерімді толтыру және т.б. Сонымен қатар, смартфондарды сатып алғысы келетіндерге  www.kcell.kz және www.activ.kz сайттарында кезек брондауға болады.

«Шағын үзілістен кейін біз Алматы тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орны болып табылатын DostykPlaza сауда орталығына қайта ораламыз. Алайда біз бұрынғы серіктестеріміздің бірі – Samsung компаниясымен бірге жаңа форматта қайта ораламыз. Ағымдағы жыл ішінде біздің Kcell/activ фирмалық дүкендерінде Samsung смартфондарының ең көп санын сатқанбыз. Сондықтан, гаджеттердің кең таңдауымен бірлескен сауда алаңының ашылуы байланыс қызметтерінің пакетімен қоса ынтымақтастықтың қисынды жалғасы болды, - деп СЕО және «Кселл» АҚ Басқарма Төрағасы Каспарс Кукелис атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда төрт жылдан астам уақыт бойы Kcell/activ дүкендерінің бірегей бөлшек желісі табысты жұмыс істеп келеді, ал енді Samsung брендінің жанкүйерлері жаңа эксклюзивті кобренд сауда кеңістігінде ұялы байланыс қызметтерінің топтамасы қосылған смартфонды сатып алуға мүмкіндігі бар.