Шаңырақ

«Шаңырақ» тарифтік жоспары жойылады.
Абоненттер «Шаңырақ» күшін жойғанға дейін, басқа қолжетімді тарифтік жоспарға өз бетімен ауысу мүмкіндігіне ие.
Абонент басқа қолжетімді тарифтік жоспарды қоспаған жағдайда, 2017 жыл тамыздың 14 мен 18 аралығында абонент абоненттік төлемсіз «Актив+» тарифтік жоспарына аударылады.


Байланыс емес, сөз қымбат болуы тиіс! Тек Жамбыл облысының тұрғындарына арналған жаңа «ШАҢЫРАҚ» тарифтік жоспары! Енді артық бағаларға орын жоқ. Қарапайым әрі ыңғайлы шарттар. Барлық бағыттарға хабарласудың бағасы бірдей төмен, ал желі ішіндегі қоңыраулар болса - бірінші минуттан кейін мүлде тегін! Қалай санасаң да тиімді!

Өнім/сервис Параметрлер Тарифтік есептеу қадамы Қоңырау шалушы абонент, Жамбыл обл. ішінде. Құны, теңге* Қоңырау шалушы абонент, Жамбыл обл. сыртында. Құны, теңге*
activ/Kcell желісі ішіндегі шығыс байланыс (дауыстық және бейнеқоңыраулар), 1 минутқа 1ші минуты 1 секунд 8,90 11
2ші минуттан бастап 0
ҚР бойынша қалалық телефондарға, басқа операторлардың ұялы нөмірлеріне шығыс байланыс 1 минутқа 1 секунд 8,90 15
Желі ішінде SMS/MMS жолдау 1 хабарлама - 7
SMS ҚР басқа желілеріне 1 хабарлама - 12,33
SMS халықаралық бағыттарға 1 хабарлама - Стандартты тариф
Мобильді Интернет/Мобильді WAP 1 MB 1 KB 20,16
«Әрдайым байланыста» қызметі - - 0
Роуминг қызметі** Роуминг туралы

23.12.2016 ж. бастап, тарифтік жоспарына қосылу жабылады.Осы тарифтік жоспарға 23.12.2016 ж. дейін қосылған абоненттер осы күннен кейін де, өз тарифтік жоспарын пайдалануды жалғастырады.

Тарифке сондай-ақ Тарифтік жоспар орнатылған бастапқы топтаманы сатып алу мен сим-картаны іске қосу арқылы қосылуға болады.

** Қызмет ҚР тыс және Компанияның қамту аймағында жұмыс істейді. Қажет болған жағдайда Сіз Роуминг қызметін 3330 нөміріне NET сөзін SMS жолдау арқылы өшіре аласыз. Қайта қосылу қажет болса, 3330 нөміріне DA сөзін SMS арқылы жолдаңыз. Қызметті ҚР аумағында - Компанияның қамту аймағында өшіруге және қайта қосуға болады.

Қосылыс ұзақтығы – 30 минутқа дейін.

Көрсетілген тарифтер келтірілген кестеге сәйкес ҚР аумағында жарамды. Егер нөміріңізде басқа нөмірге бағыттау тұрса («жауап жоқ» бағыттауынан басқа), тарификация үй аумағынан тыс болғандағыдай әрекет етеді.

Тарифтік жоспар абоненттері сондай-ақ келесі тарифтер бойынша MMS қызметін қосқан уақытта қосымша MMS-портал қызметін пайдалана алады: ҚР басқа желілеріне ММS жолдау– 1 хабарламаға 15 ₸, халықаралық бағыттарға ММS жолдау – 1 хабарламаға 30 ₸. MMS қызметі туралы.

Назар аударыңыз: 2G/3G желілерінде бірінші ашық интернет сессия аясында немесе құрылғыны 4G желісіне тіркегенде, интернет-трафик резервтеледі, ал ол болмаса – теңгерім резервтеледі. Резервтелетін интернет-трафик немесе теңгерімнің көлемі туралы толығырақ осында танысуға болады.