Барлығы бәрі үшін

"Барлығы бәрі үшін" тарифтік желісіндегі тарифтік жоспар.


  • 0 ₸ желі ішіндегі қоңыраулар үшін;
  • 0 ₸ 5 минут бойы ҚР басқа желілеріне;
  • 50 бонустық SMS желі ішінде;
  • 171 бонустық MB күнделікті!
  • Абоненттік төлем - 99 ₸ тәулігіне.

 
Қызмет Құны
Абоненттік
төлем***
99 ₸/тәулігіне
Алынған жағдайда Алынбаған жағдайда
Шығыс қоңыраулар
желі ішінде
0 ₸/мин 11 ₸/мин - 1ші минут
0 ₸/мин - 2ші минутынан
Шығыс қоңыраулар
ҚР басқа желілеріне
0 ₸/мин - 5 минут
(бонустық көлем)**
7 ₸/мин - 6ші минутынан**
үйлесімдік шарттарына** сәйкес
18 ₸
SMS
желі ішінде
0 ₸/SMS - 50 SMS
(бонустық көлем)**
7 ₸/SMS - 51ші SMS бастап
үйлесімдік шарттарына** сәйкес
7 ₸
SMS
ҚР басқа желілеріне
12,33 ₸/SMS
MMS
желі ішінде
7 ₸/MMS
Халықаралық
SMS
Стандартты тариф
Интернет 0 ₸/MB - 171 MB
(бонустық көлем)**
3 ₸/MB - 172ші MB бастап
үйлесімдік шарттарына** сәйкес
20,16 ₸
Роуминг****
"Әрдайым байланыста" 0 ₸
2016 жылдың 1 шілдесінен бастап осы тарифтік жоспарға қосылыстың жабылатынын хабарлаймыз. Осы тарифтік жоспарға бұрын қосылған абоненттер өз тарифтік жоспарларын қосылыстың жабылуынан кейін де пайдалануды жалғастырады.

Тарифтердің барлығы теңгеде, ҚҚС есебімен көрсетілген және тек Қазақстан Республикасының аумағында ғана жарамды.

Барлық бағыттарға қоңырау шалудағы тарифтік есептеу қадамы - 1 сек.

Интернет қызметтері дөңгелектеу қадамы - 1 KB.

** Қызметтердің бонустық көлемі (минуттар, SMS, МВ) абоненттік төлем табысты алынған жағдайында беріліп, минуттар мен SMS абоненттік төлемнің орнатылған келесі мерзімде алынғанынша жүктеледі. Пайдаланылмаған Интернет трафикті Абонент сәйкес тәулікте абоненттік төлем табысты алынған жағдайында жүктелген айдан бастап 2ші күнтізбелік ай аяқталғанша күнделікті пайдалана алады.

Қызметтердің бонустық көлемі роумингте жарамсыз, Тарифтік жоспардың өшірілген жағдайында нөлденеді.

Бонустық трафик қалдығын *111*3# USSD-комбинациясын тегін теру арқылы өзгертуге болады. Абонент өзінің бонустық трафигінің шығындалуын өз бетінше бақылап, оның есептелуін тексереді. Компания бонустық трафиктің таусылған немесе бонустық трафик берілгенше қаражат таусылған жағдайда абоненттің негізгі теңгеріміндегі шығындарының орнын толтырмайды.

Тарифтік жоспар бойынша қосулы интернет сессия барысында берілген бонустық интернет-трафик әрекет етпейді. Мұндай жағдайларда ағымдағы сессияны жауып (құрылғыда мобильді деректердің берілуін өшіріп және қосып), интернетті трафик берілгеннен кейін ғана пайдалануды жалғастырған жөн.

Тарифтік жоспар бойынша бонустық интернет-топтама абоненттік құрылғыда реттелген internet немесе WAP қол жеткізу нүктесінің болған жағдайында әрекет етеді.

*** Абоненттік төлем Тарифтік жоспарға қосылған сәтте толық алынып, кейіннен Астана қ. уақытымен күнделікті 00:00-02:00 аралығында алынатын болады. Егер абоненттік төлем 00:00 бастап 02:00 дейінгі аралықта теңгерімде ақша қаражатының жеткіліксіз болуы себебімен алынбаған болса, 02:00 кейін теңгерімді жеткілікті сомаға толтырғанда абоненттік төлем толықтай алынып, Тарифтік жоспармен ескерілген қызметтер абоненттік төлемнің орнатылған келесі мерзімде алынғанынша ағымдағы мерзімде пайдалану үшін Тарифтік жоспар шарттарына сәйкес көлемде көрсетіледі.

Қызметтердің үйлесімдігі:

  • «Жылдық интернет+» қызметін интернет-трафиктің белгілі бір көлемін беру шарты бар тарифтік жоспармен қатар қосуға болады. Бұл ретте алдымен әрекет ету мерзімі азырақ трафик жұмсалады. Қызмет бойынша да, тарифтік жоспар бойынша да интернет-трафик таусылған жағдайда мобильді интернет Қызмет шарттарына сәйкес Қызмет бойынша трафиктің келесі жүктелуіне дейін немесе тарифтік жоспар бойынша трафик берілуіне дейін, осы жайттардың қайсысы бірінші орын алуына байланысты, беріледі.
  • Егер абонентте "Мобильді интернет +" қызметі қосылған болса, осы қызмет бойынша абоненттік төлем қызметтің қалыпты шарттарында алынады, трафик "Мобильді интернет +" қызметінің шарттарына сәйкес беріледі, бұл ретте, алдымен, әрекет ету мерзімі азырақ трафик жұмсалады. Трафиктің тарифтік жоспар бойынша да, қызмет бойынша да таусылған жағдайында мобильді интернет абоненттік төлем келесі алынғанша "Мобильді интернет +" қызметімен орнатылған тарифтерге сәйкес тарифтелетін болады.
  • Егер абонентте "Интернет +" қызметі қосылған болса, осы қызмет бойынша абоненттік төлем қызметтің қалыпты шарттарында алынады, трафик "Мобильді интернет +" қызметінің шарттарына сәйкес беріледі, бұл ретте, алдымен, әрекет ету мерзімі азырақ трафик жұмсалады. Трафиктің тарифтік жоспар бойынша да, қызмет бойынша да таусылған жағдайында мобильді интернет абоненттік төлем келесі алынғанша Тарифтік жоспарға сәйкес тарифтелетін болады.
  • Егер абонентте "Лимитсіз интернет" қызметі қосылған болса, осы қызмет бойынша абоненттік төлем қызметтің қалыпты шарттарында алынады, "Лимитсіз интернет" қызметімен ескерілген трафик қызмет шарттарына сәйкес ұсынылып, жұмсалады, Тарифтік жоспармен ескерілген трафикті "Лимитсіз интернет" қызметінің қосылған қалпында пайдалану мүмкін емес және оны "Лимитсіз интернет" қызметі өшірілген кезде ғана пайдалануға болады.
  • Егер абонентте "Жылдық интернет", "Жартыжылдық интернет" немесе "Тоқсандық интернет" науқандық қызметі қосылған болса, Тарифтік жоспар бойынша трафикті пайдалану мүмкін болмайды және оны "Жылдық интернет", "Жартыжылдық интернет" немесе "Тоқсандық интернет" қызметінің өшірілген жағдайында ғана пайдалануға болады.
  • Егер абонентте "Жеңіл интернет" қызметі қосылған болса, бұл ретте алдымен Тарифтік жоспармен ескерілген бонустық трафик жұмсалады. Тарифтік жоспармен ескерілген трафик жұмсалған жағдайда мобильді интернет абоненттік төлем келесі алынғанша Тарифтік жоспармен орнатылған тарифтерге сәйкес тарифтелетін болады. Тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлем алынбаған жағдайда тарифеу "Жеңіл интернет" қызметі бойынша жүргізіледі.
  • Егер Абонентте "Бонустық интернет" қызметі қосылған болса, қызмет бойынша абоненттік төлем қызметтің қалыпты шарттарында алынып, трафик қызмет шарттарына сәйкес ұсынылады, бұл ретте алдымен әрекет ету мерзімі азырақ трафик жұмсалады. Трафиктің тарифтік жоспар бойынша да, қызмет бойынша да таусылған жағдайында мобильді интернет абоненттік төлем келесі алынғанша Тарифтік жоспарға сәйкес тарифтелетін болады.
  • Іске қосылған "Интернет топтамалар", "Қызмет топтамалары" қызметтерінің және басқа да осы сияқты интернет-трафик немесе SMS әрекеті шектеулі шығыс дауыстық байланысты, мобильді интернетті және/немесе SMS пайдалану жөніндегі қызметтердің болған жағдайында алдымен осындай қызметтер бойынша әрекет ету мерзімі азырақ интернет-трафик жұмсалады.
  • Егер абонентте "Лимитсіз түнгі интернет" қызметі қосылған болса, осы қызмет бойынша абоненттік төлем қызметтің қалыпты шарттарында алынып, "Лимитсіз түнгі интернет" қызметі бойынша трафик беріліп, Астана қ. уақытымен 01:00-09:00 аралығында қызмет шарттарына сәйкес жұмсалады, содан кейін абоненттік төлемнің алынған жағдайында Тарифтік жоспармен ескерліген трафикті пайдалануға болады.
  • Тарифтік жоспар абоненттері "500 теңгеге 500 минут" науқаны бойынша минут топтамаларын пайдалана алмайды.

**** Қызмет ҚР тыс және Компанияның қамту аймағында жұмыс істейді. Қажет болған жағдайда Сіз Роуминг қызметін 3330 нөміріне NET сөзін SMS жолдау арқылы өшіре аласыз. Қайта қосылу қажет болса, 3330 нөміріне DA сөзін SMS арқылы жолдаңыз. Қызметті ҚР аумағында - Компанияның қамту аймағында өшіруге және қайта қосуға болады.

Қосылыс ұзақтығы – 30 минутқа дейін.

Тарифтік жоспар абоненттері сондай-ақ MMS қызметін іске қосқан кезде келесі тарифтерге MMS портал қосымша қызметін пайдалана алады: ҚР басқа операторларының абоненттеріне бір MMS хабарлама жолдау құны 15 теңге, халықаралық бағыттарға ММS жолдау – 1 хабарламаға 30 теңге.

Назар аударыңыз: 2G/3G желілерінде бірінші ашық интернет сессия аясында немесе құрылғыны 4G желісіне тіркегенде, интернет-трафик резервтеледі, ал ол болмаса – теңгерім резервтеледі. Резервтелетін интернет-трафик немесе теңгерімнің көлемі туралы толығырақ осында танысуға болады.