Апта+

Апта+

Тек ең қажеттісін бір аптаға ал

Онлайн және барлық істен хабардар болу үшін бастапқы топтама

2 GB интернет-трафик

шектеусіз минуттар activ және Kcell-ге

15 минут ҚР басқа ұялы операторларға қоңыраулар

20 SMS желі ішінде

450 теңге

әрбір 7 күн

Басқа қызметтердің бағасы

ҚР бойынша қалалық нөмірлерге шығыс байланысы

ҚР бойынша басқа желілерге SMS

activ / Kcell желісі ішіндегі MMS

18 тг

14 тг

7 тг

Толық ақпарат

Артық шығынсыз ыңғайлы ретте онлайн оқыңыз!

Сіз Қазақстанның білім беру ресурстарына шектеусіз қол жеткізе аласыз. Лимитсіздікті тариф бойынша абонтөлем алынған жағдайда автоматты түрде пайдалануға болады.

ҚР БҒМ мақұлдаған Интернет-ресурстардың тізімі мына жерде.

Қол жеткізу жылдамдығы 1.5 Мбит/сек аспайды.

Назар аударыңыз, төменде аталған жағдайларда шектеусіз қолжетімділік берілмейді және интернет-трафик интернеттің қосымша топтамасының немесе интернет-қызметтің тарифі бойынша тарифтеледі (олардың қосылған жағдайында).

  • WhatsApp, ZOOM, Skype, Microsoft Teams және бейнеконференциялардың басқа да мессенджерлері мен сервистерін пайдаланған кезде, егер олар тарифтік жоспарыңызда шектеусіз қолжетімді болмаса;
  • Google Play, App Store қолданбаларын жүктеген кезде;
  • сілтемелер арқылы басқа ресурстарға, оның ішінде баннерлік жарнама арқылы өткен кезде;
  • техникалық трафикті, приваттық қарау режимінде, VPN-арналарын, прокси-серверлерді, анонимайзерлерді пайдаланған кезде

Тарифтік жоспар алдын ала орнатылған бастапқы топтаманы сатып алып, SIM-картаны қосыңыз.

Кез келген уақытта қосылыңыз!

Сіз теңгеріміңізде қаражат жеткіліксіз болса да қосыла аласыз. Тарифтік жоспар бойынша қызметтер көлемі абоненттік төлемнің толық сомасы алынғанда беріледі.

«Менің Activ» қолданбасынан (Play Store немесе AppStore) тексеріңіз немесе *111*3# USSD-тіркесін теріңіз.

Абоненттік төлемді алу үшін теңгерім жеткілікті болса, ол әр 7 күн сайын Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағ. 00:00-ден 02:00-ге дейін толық мөлшерде алынады, содан соң тарифтік жоспар бойынша қызметтер көлемі беріледі. Қаражат жеткіліксіз болса, абоненттік төлем алынбайды, ал қызметтер мына бағалар бойынша ұсынылады:

  • Kcell/Activ нөмірлеріне және ҚР бойынша басқа ұялы операторлардың нөмірлеріне қоңыраулар — минутына 14 теңге
  • Kcell/Activ желісі ішіндегі SMS — 1 хабарламаға 7 теңге
  • Мобильді интернет — 1 мегабайтына 14 теңге

Теңгерім жеткілікті сомаға толтырылғанда, абоненттік төлем толық көлемде алынады және бонустық қызметтер көлемі беріледі.

Берілген интернет-трафиктің дұрыс жұмыс істеуі үшін ағымдағы интернет-сессияны 1-2 секундқа тоқтатуға кеңес береміз: мобильді деректерді өшіру керек немесе «ұшақ режимін» таңдау керек, содан кейін мобильді деректерді қосып / «ұшақ режимін» өшіріп, интернетті пайдалануды қайта бастау керек.

Егер сізде SMS, минуттар немесе интернет мерзімінен бұрын таусылып қалса, қызметке қолжетімділік бұғатталады. Бұғаттау әрбір қызмет түріне жеке қолданылады.

 

Қызметтерге қолжетімділікті қалпына келтіру үшін мына тәсілдердің бірін қолданыңыз:

  • Қосымша топтамаларды қосыңыз (бағалары ҚҚС-пен көрсетілген):

o 1GB интернетті қосу үшін *888*3*1*1# USSD пәрменін теріңіз. Қызмет 450 теңге тұрады.

o 2GB интернетті қосу үшін *888*3*1*2# USSD пәрменін теріңіз. Қызмет 650 теңге тұрады.

o Kcell/Activ желісі ішінде 30 SMS топтамасын қосу үшін *888*2*1# USSD пәрменін теріңіз. Қызмет 150 теңге тұрады.

o Басқа ұялы операторларға 60 минут топтамасын қосу үшін *888*1*1# USSD пәрменін теріңіз. Қызмет 390 теңге тұрады.

  • Бұғаттауды алып, осы тарифтік жоспарда болған бүкіл мерзімде *325#OK USSD пәрмені арқылы қызметтерді теңгерімнен тарифтеуге рұқсат етіңіз. Бұғаттауды алған кездегі қызметтердің құны:

o ҚР бойынша басқа ұялы операторларға қоңыраулар — минутына 14 теңге

o Мобильді интернет — мегабайтына 14 теңге

o activ/Kcell желісі ішіндегі SMS — бір хабарламаға 7 теңге

Бұғаттау туралы толығырақ осы жерден білуге болады.

Абоненттік төлем алынып, бірақ интернет тарифтік жоспар бойынша емес, ал мегабайтына 14 теңгеден (абоненттік төлем алынбағандағы баға) жұмсалатын жағдайлар кездеседі. Бұл абоненттік төлем белсенді интернет-сессия кезінде алынғандықтан болады. Яғни сіз әлі бір сессияны аяқтамадыңыз және тариф жаңадан есептеле алмайды.

Тарифтік жоспар бойынша берілген қызметтер көлеміне қолжетімділікті қалпына келтіру үшін телефонды немесе мобильді деректерді қайта жүктеңіз.

Конференция қызметі тарифтік жоспарда қолжетімді болмайды.