iPhone Xs

Үлкен экранның кейіпкері.

Super Retina дисплейінің екі өлшемі бар, оның бірі iPhone тарихындағы ең үлкен дисплей болды. Бұрынғыдан да жылдам Face ID. Ең қуатты және ақылды iPhone процессоры. Керемет қос камера. iPhone XS - те Сіз iPhone-да ұнататынның барлығы көзделген. Жаңа деңгейде.

iPhone Xs 64GB iPhone Xs 256GB iPhone Xs 512GB
iPhone Xs Max 64GB iPhone Xs Max 256GB iPhone Xs Max 512GB

Super Retina. Супер өлшем.

iPhone XS-тің бірегей OLED дисплейі HDR қолдайды, түсті берудің озық дәлдігі мен тұңғиық қара түсті қамтамасыз етеді. Бұл ретте iPhone XS Max дисплейі iPhone тарихындағы ең үлкен дисплей болып табылады.

iPhone Xs Max

Дисплей
6,5 дюйм

iphonexs fronts
iPhone Xs

Дисплей
5,8 дюйм

Материалдардың сапасы ерекше.

iPhone үшін ең берік әйнек. Атомдық деңгей технологиялары көмегімен жасалған тамаша жаңа алтын реңк. Жиектемесі хирургиялық тот баспайтын болаттан жасалған, корпусқа ешбір мінсіз, дәл жанасып тұрады. Судан және шаңнан қорғаудың жаңа деңгейі.

Хирургиялық тот баспайтын болат. Біз ерекше қорытпа әзірледік, одан дәлдігі жоғары өңдеу әдісі арқылы iPhone XS корпусының үш түсті жиектемесі жасалады.

PVD жабу әдісімен бояу. Алтын түске және «сұр ғарыш» түсіне бояу үшін буды тікелей конденсаттау әдісі қолданылады. Нәтижесі – әйнек панельмен керемет үйлесетін айрықша жылтыр түс.

iphonexs side

Сымсыз қуаттау құрылғысы. iPhone XS-тің артқы беті әйнектен жасалған, сондықтан оны сымсыз технология арқылы қуаттауға болады. Қуаттау тіпті iPhone X-ға қарағанда жылдамырақ.

Жетілдірілген Face ID.

Енді сізде жеке деректеріңізді қорғайтын бірегей құпия сөз бар. Бұл - сіздің бет әлпетіңіз. Сіз бір қарағаннан-ақ iPhone-ды бұғаттан шығарып, қолданбаларға кіре аласыз және сатып алынатын заттарға төлем жүргізе аласыз. Face ID — бет әлпетті танып білудің өте сенімді технологиясы, енді ол бұрынғыдан да жылдамырақ жұмыс істейді.

Қос камера.

Фотографияның жаңа кезеңі.

12 Мп қос камерасы

ƒ/1.8
кең бұрышты объектив

ƒ/2.4
телеобъектив

2х камераның сенсоры
Smart HDR үшін өте жылдам

«Портрет» режимі
«Тереңдік» функциясымен

4K видеосы
секундына 60 кадрға дейінгі жиілікпен

iphonexs camera

Тағы да.

iPhone XS деректерді өте жылдам тарату үшін Gigabit Class LTE стандартын қолдайды. Оның 512 ГБ опциясы алғаш рет қолжетімді. Мұндай сыйымдылық iPhone – да бұрын-соңды болмаған.

Gigabit Class LTE

Бірегей iPhone.

iPhone жасаудың барлық кезеңдерінде қолданылатын өндіру технологияларынан, құпиялық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістерінен бастап Apple-дің ескі құрылғылардың құрылымдарын қайта өңдеу кезіндегі инновациялық тәсілімен аяқтай отырып, iPhone - ды жасау кезінде қабылданған әрбір шешім оны ерекше етеді.

iPhone Xs 64GB iPhone Xs 256GB iPhone Xs 512GB
iPhone Xs Max 64GB iPhone Xs Max 256GB iPhone Xs Max 512GB