iPhone XR

Барлық жағынан керемет.

Liquid Retina жаңа дисплейі — ең ілгері ЖК-дисплейіміз. Бұрынғыдан да жылдам Face ID. Ең қуатты және ақылды iPhone процессоры. Керемет камера. iPhone XR — әдемілік пен ақылдылық іске асырылған.

Барлық назар Liquid Retina дисплейінде.

iPhone XR жаңа дисплейі — ең ілгері iPhone СК дисплейі. Көмескі жарықтың инновациялық технологиялары бізге бұрыштары жұмырланған және барлық алдыңғы панельді алып жатқан дисплей жасауға мүмкіндік берді. Енді шыншыл түстер оны түгелдей жауып жатыр.

iphone xr black front

iPhone XR
Дисплейі 6.1’

  • iPhone-ның ең үлкен СК дисплейі
  • Керемет дәл түс беру
  • Кеңейтілген түс қамтуы
  • Кеңейтілген түс қамтуы
  • Жанасумен бұғаттаудан шығару
Материалдарының сапасы ерекше.

Ерекше мықты алдыңғы панелі әйнектен жасалған. Дәл жанасып тұратын жиектемесі аэроғарыштық салада қолданылатын алюминийден жасалған. Судан және шаңнан қорғалған. Ғаламат алты түсі бар.

iPhone Xr red

Түстер жеті қабаттан тұрады. Алдыңғы қатарлы технологиялар әйнектен жасалған артқы панелінің терең, қанық түсіне қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Алюминий жиектемесі аэроғарыштық деңгейде. Apple әзірлеген ерекше қорытпадан жасалған корпусының анодталған жиектемесі артқы панельдің түсімен мінсіз үйлеседі.

Сымсыз қуаттау құрылғысы. iPhone XR артқы беті әйнектен жасалған, сондықтан оны сымсыз технология бойынша қуаттауға болады.

Жетілдірілген Face ID.

Енді сізде жеке деректеріңізді қорғайтын бірегей құпия сөз бар. Бұл - сіздің бет әлпетіңіз. Сіз бір қарағаннан-ақ iPhone-ды бұғаттан шығарып, қолданбаларға кіре аласыз және сатып алынатын заттарға төлем жүргізе аласыз. Бұл — бет әлпетті танып білудің өте сенімді технологиясы, енді ол бұрынғыдан да жылдамырақ жұмыс істейді.

A12 Bionic қуатты процессоры.

Бұл жаңа буындағы Neural Engine жүйесі бар iPhone-ның өте ақылды және қуатты процессоры. Толықтырылған шынайылық соншалықты шынайы бола бастайды. «Тереңдік» функциясы портреттерді бұрынғыдан да әдемі ете түседі. Жалпы барлығы өте жылдам және бір қалыпты жұмыс істейді.

Графикалық өнімділігі: 50% дейін жоғары

Өнімділік ядросы: 15% дейін жылдам

Тиімділік ядросы: энергия тұтыну 50% дейін төмен

iphone xr processor
A12 Bionic процессоры

Neural Engine 8 ядролы жүйесі

Сигналды өңдеудің жетілдірілген процессоры

Өнімділіктің озық бақылаушысы

Озық камера.

Ең әйгілі камера фотосурет тарихының жаңа кезеңін ашады. Оның инновациялық матрицасы сигналды өңдеу процессорымен және Neural Engine жүйесімен үйлесімділікте суреттердің озық сапасын қамтамасыз етеді.

12 Мп негізгі камерасы

ƒ/1.8
кең бұрышты объектив

«Портрет» режимі
«Тереңдік» функциясымен

2х камераның сенсоры
Smart HDR үшін өте жылдам

4K видеосы
секундына 60 кадрға дейінгі жиілікпен

iPhone xr camera

TrueDepth камерасы

ƒ/2.2
кең бұрышты объектив

«Портрет» режимі
«Тереңдік» функциясымен

1080p видеосы
секундына 60 кадрға дейінгі жиілікпен

Бірегей iPhone.

iPhone жасаудың барлық кезеңдерінде қолданылатын өндіру технологияларынан, құпиялық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістерінен бастап Apple-дің ескі құрылғылардың құрылымдарын қайта өңдеу кезіндегі инновациялық тәсілімен аяқтай отырып, iPhone - ды жасау кезінде қабылданған әрбір шешім оны ерекше етеді.