Мобильді құрылғыны тіркеу

«Байланыс туралы» заңға сәйкес, ЖСН/БСН бойынша өз абоненттік құрылғыларды (мобильді телефондарды, планшеттерді, модемдерді, SIM-карталы сағаттарды және т.б.) ұялы байланыс операторларында 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркеуге міндеттісіз. Біз барлық абонеттерге өз мобильді құрылғыларын тіркеуге жаупкершілікпен қарауды және оны уақытылы іске асыруды сұраймыз.

Ең оңай тәсіл - SMS арқылы тіркелу. Сіз 6006 қысқа нөмірінен қажетті тіркеу туралы ақпараты бар SMS аласыз. Оған жауап ретінде өз ЖСН жіберу керек.

Өз еркіңізбен 6006 нөміріне ЖСН нөмірін жіберуге болады. Кейін, сізге одан әрі тіркеу үшін қабылданғандығы туралы хабарлама келеді.

Телефонда *660# USSD-командасын теру керек және қоңырау шалу батырмасын басу керек. Кейін сіздің ЖСН нөмірін енгізу үшін жол ашылады және «Жөнелту» батырмасын басу керек.

Үшінші тәсілмен тіркелу үшін абонент ұялы байланыстың қандай брендін пайдалануына байланысты kcell.kz немесе activ.kz сайттарында «Жеке кабинетке» рұқсаты болуы керек. «Жеке кабинетке» кіру кезінде «Тіркеу» бөлімін таңдау керек. Тиісті бетте талап етілетін тіркеу деректерін енгізу керек. Кейін берілген деректер, құрылғыны тіркеу үшін өңдеуге қабылданатын болады.

Абоненттік құрылығының сәйкестендіру кодын тіркеу, сіз тіркеуге жататын құрылғы санына қарамастан тегін іске асырылады.

Заңнама талаптарына сәйкес  2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстандағы ұялы телефонның барлық операторлары тіркелмеген абоненттік құрылғылар бойынша байланыс қызметін көрсетуге құқығы жоқ.

2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін Астана уақыты бойынша сағат 23:59 дейін құрылғыны тіркеу керек. Әрине, дұрысы бұдан ертерек жасау керек.

Заңнама талаптарына сәйкес  2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстандағы ұялы телефонның барлық операторлары тіркелмеген абоненттік құрылғылар бойынша байланыс қызметін көрсетуге құқығы жоқ.

Тіркелмеген құрылғыға SIM-картаны салу кезінде, сіз құрылғыны тіркеу қажеттілігі туралы SMS аласыз. Бұл ретте, қоңырау шалуға немесе қабылдауға, 6006 нөмірінен басқа өзге нөмірге SMS жіберуге мүмкіндік болмайды. Мобильді интернетті тек тіркеу үшін пайдалана аласыз.

Нөмірлер бұғатталмайды, тек тіркелмеген құрылғы бұғатталады.

Егер 14 жасқа толмаған бала құрылғыны пайдаланған болса, онда ата-анасы құрылғыны өз ЖСН-не тіркейді. Егер пайдаланушы 14 жасқа толған болса, онда ол құрылғыны өз ЖСН-не тіркей алады.

Бір ЖСН-ге өз атыңызға тіркеулі нөмірлерді тіркей аласыз.

Егер сіздің планшетте/модемде/роутерде/сағатта пайдаланылатын абоненттік нөміріңіз бүрын «Жеке кабинетте» авторизацияланбаған болса, онда мұндай абоненттік нөмір бойынша авторизациядан өту керек.

Бұл үшін SIM-картаны құрылғыдан (планешеттен, модемнен, роутерден, сағаттан) алу керек. Кейін телефонға SIM-картаны салу керек және 245 нөміріне SMS жіберу керек. Сіз жауап ретінде «Жеке кабинетке» кіру үшін пароль аласыз.

Одан әрі қайтадан тіркелетін құрылғыға (планешетке, модемге, роутерге, сағатқа) SIM-картаны салу керек және «Жеке кабинетте» авторизациядан өту керек. «Жеке кабинет» kcell.kz және activ.kz сайттарында бар. Кейін тіркелетін құрылғының абоненттік нөмірі бойынша Жеке кабинетте Келісімді қабылдауды растау керек және құрылғыны тіркеуден өткізу керек.

Егер сіздің iPad iPhone-нан бір apple ID бойынша тіркелсе, iPad баптауында хабарлама жіберу үшін телефон нөмірін анықтаңыз.

«Ұялы телефонның абоненттік құрылғыларын тіркеу ережесіне» сәйкес M2M (автомобиль дабылдамасы, датчиктер мен трекерлер, күзет жүйелері, терминалдар, шлюздер және т.б.) машинааралық өзара әрекеттесу құрылғысын тіркеу талап етілмейді.

M2M (машинааралық өзара әрекеттестік, Machine-to-Machine) — аспаптардың бір бірімен ақпарат алмасуына мүмкіндік беретін технологияның жалпы атауы. Бұл бір құрылғыдан екінші құрылғыға ақпарат беретін датчиктердің сымды және сымсыз жүйелері.

Бұл зауытта дайындау кезінде телефонға «ендірілетін» әр абоненттік құрылғы (мобильді телефондар, планшеттер, модемдер, SIM-карталы сағаттар және т.б.) үшін халықаралық сәйкестендіргіш болып табылады. Бұл оның желісінде телефонды қуаттау кезінде оператор тарататын абоненттік құрылғының коды болып табылады. Ол желіде құрылғыны сәйкестендіру үшін қызмет етеді және аппарат жасақтамасында сақталады. Әдеттегідей, IMEI төрт жерде: аппараттың өзінде (көбінесе клавиатурада *#06# теру арқылы экранға шығаруға болады), аккумуляторлы батарея астында орауда және кепілдік талонында көрсетіледі.

«Байланыс туралы» заңға сәйкес, бұл нормалар телефондарды ұрлау санын қысқартуға, сондай-ақ эксремизмммен және терроризммен күресті күшейту үшін керек.

Ұлыбританияда, Түркияда, Әзірбайжанда, Украинада және т.б. оңтайлы халықаралық тәжірибе бар.

Жоқ, егер олар роумингте тұрса, Қазақстанда өз құрылғыларын тіркеу қажет емес.

Егер сіз әртүрлі  мобильді операторлардан екі SIM-карталы  смартфонды пайдаланатын болсаңыз, онда байланыстың әр операторында құрылғыны тіркеу керек.

Мысалы, бір слота Kcell/Activ  SIM-картасы болса, бұл жағдайда 6006 нөміріне тіркелу үшін  ЖСН-нен SMS жібере аласыз.

Басқа операторда құрылғыны тіркеу үшін өзге операторлардың тіркеу алгоритмін қолдану керек.

Кейде екі симкалы смартфондарда бір немесе екі IMEI-коды болады. Егер смартфонда бір IMEI болған жағдайда, онда SIM-картаның әрқайсын өз слотына салу  және операторлардың тіркеу алгоритмі бойынша құрылғыны тіркеу жеткілікті.

Егер смартфонда екі IMEI болса, онда кезектілікпен әр слотқа SIM-картаны салу керек және тіркеу керек. Ең алдымен бірінші слотқа SIM-карта салынады, мысалы Kcell/Activ, және тіркеледі, кейін осы слотқа басқа оператордың SIM-картасы салынады және ол да тіркеледі. Кейін Kcell/Activ SIM-картасы екінші слотқа беріледі және тіркеледі, осы жағдайлар оператор алгоритміне сәйкес, басқа оператордың SIM-картасында жасалады.

Егер бір абонеттік құрылғыда біреуі жек тұлғаның атына, екіншісі заңды тұлғаның немесе ЖК атына тіркелген екі нөмір болса, онда бұл абоненттік құрылғыда екі нөмір тіркелетін болады. Бір нөмір ЖСН-мен бірге жеке тұлғаның атына рәсімделген, екінші нөмір БСН-мен бірге заңды тұлғаның немесе ЖК атына рәсімделген.