Samsung Galaxy A9

Samsung Galaxy A9

Дүние жүзіндегі алғашқы төрт камералы смартфон

Galaxy A9 — өмірді шынайы көрінісімен түсіруге мүмкіндік беретін дүние жүзіндегі алғашқы төрт камералы смартфон. Оның интеллектуалды камера жүйесі кез келген жағдайға төрт есе көп мүмкіндік береді. Енді шабыт келген кезде сенімді түсіре аласыз!

Құны
Samsung Smart Service

Смартфон туралы

Төрт есе көп күшпен түсіріңіз

Galaxy A9 — кез келген жағдайда сенімді түсіруге мүмкіндік беретін камерасы өте кең, телефотосурет камерасы, 24 МП камерасы және терең камерасы бар дүние жүзіндегі алғашқы төрт камералы смартфон. Сонымен қатар, кеңейтілген кескіндерді тікелей түсіруді бастауға мүмкіндік беретін көрініс оңтайландырғыш және дефектоскопия мүмкіндіктері бар.

Сізді бөлектейтін түрлі-түсті дизайн

Galaxy A9 смартфонының жұқа және ерекше дизайны қолға ұстауға ыңғайлы әрі тасуға сәнді. Оның премиум 3D артқы шыны корпусы уылдырықтай қара, лимонадтай көк және сағыздай күлгін түспен келеді әрі пішінімен және функциясымен жақсы үйлеседі.

Қараудан шексіз ләззат алыңыз

Көргеніңіздің бір бөлігі болыңыз. Galaxy A9 смартфонында жоғары контрастты және динамикалық көрініс ләззатын беретін, керемет 6.3″ FHD+ Super AMOLED Infinity Display дисплейі бар. Енді экран арқылы әлемді анық көре аласыз.

Үнемі қажетті уақытта

Маңызды ақпаратты қарап, маңызды жаңартулармен жылдамдатып отырыңыз. Galaxy A9 смартфоны кең экраны арқасында күн, ауа райы ескертулері, уақыт және кіріс хабарландыру сияқты маңызды ақпаратты көруге мүмкіндік беретін «Always on Display» функциясымен жабдықталған.

Көбірек сақтау, көбірек пайдалану

Өміріңіздің көп бөлігін өзіңізбен алып жүріңіз. Galaxy A9 смартфонында фотосуреттер, фильмдер мен файлдарды сақтауға және оңай қатынасуға болатын 128 ГБ ішкі сақтау орны бар. Сонымен қатар, microSD картасы арқылы сақтау орнын 512 ГБ дейін арттыра аласыз!

Озық өнімділікті пайдалану

Galaxy A9 смартфонында күні бойы жұмыс істеп жүргеніңізде шексіз жоғары өнімділікті беретін 6 ГБ ЖЖҚ, қуатты және жоғары жауапты, сегіз ядролы процессор бар.

Жылдам зарядталады әрі ұзаққа жетеді

Galaxy A9 смартфоны жылдам зарядталатн 3800 мАсағ (әдепкі) батареямен келеді, ұзақ уақыт пайдалана аласыз және заряды таусылған кезде жылдам зарядтай аласыз. Ыңғайлы USB Type-C үйлесімділігі арқасында оны қосымша тыға аласыз.

Жекелендірілген қорғаныс

Енді телефоныңызды бет алдыңызға қою арқылы бірден құлыптан босата аласыз. Бетті тану технологиясы жеке деректердің өзгенің қолына түсуін болдырмас үшін тек тіркелген пайдаланушыларға қатынас береді. Samsung Knox шешімі деректер мен қолданбаларыңызды қорғайды.

Саусақ ұшындағы қорғаныс

Қатынасты сіз сене алатын қорғаныспен жеңілдетіңіз. Galaxy A9 смартфоны бір уақытта бірнеше тапсырманы орындау үшін веб-сайттар мен қолданбаларға оңай кіру мүмкіндігін беретін сенімді саусақ ізін сканерлеу функциясымен жабдықталған.